Президент • 21 Маусым, 2020

Президент Жарлығымен медицина қызметкерлері мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бір топ медицина қызметкерлері мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды. Бұл туралы  Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Жарлығымен медицина қызметкерлері мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен азаматтардың денсаулығын сақтау үшін жанкешті еңбек етіп, тынымсыз жұмыс істеген медицина қызметкерлерінің бір тобы мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды", - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.