Қазақстан • 22 Маусым, 2020

ҰБТ: Бейнежазбаларға 25 тамызға дейін талдау жасалады

392 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

21 маусым күні Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 15 өңірінде басталып, 161 пунктің 51-інде өткізілді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Нәтижелердің соңғы қорытындысы тамыз айында нақты болады, - деп жазады Egemen.kz

ҰБТ: Бейнежазбаларға 25 тамызға дейін талдау жасалады

ҰБТ-ның алғашқы күні барлығы 6512 тестіленуші қатысу қажет еді. Нақты 6186 тестіленуші қатысты. 

"2020 жылғы жаңашылдықтарының бірі – ғимаратқа кіргізу барысында тыйым салынған заттар (смартфондар, жазба қағаздар, құлақаспаптар және т.б.) табылған жағдайда, тестіленушінің емтиханға жіберілмеуінде. Осы қағиданы ұстана отыра, 21 маусым күні республика бойынша 73 тестіленуші ҰБТ-ға жіберілмеді. Сонымен қатар, 91 тестіленуші ҰБТ өткізу Ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. Барлығы 164 тестіленуші. Ал өткен жылы бүл көрсеткіш барлық тестілеу мерзімінде 24 болған болатын", деді БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова.

Оның айтуынша, ҰБТ өткізу процесіне 2500-ден аса министрлік өкілдері тартылып отыр. Ағымдағы жылы тестілеудің ашық және әділ өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында Білім сапасын қамтамасыз ету департаменттерінің және 518 арнайы мониторингтік топтың өкілдері тартылды.

"Бұл тәжірибе өзінің оң нәтижесін берді деп ойлаймыз. Сәйкесінше, олардың нәтижелері жойылып, ағымдағы жылы тестілеуге қатысу мүмкіндігінен айырылды", деді ол.

ҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындысы бойынша:

  • Шектік балды жинағандар – 4222 (68,3%)
  • Шектік балды жинай алмағандар – 1964 (31,7%)
  • 130 балдан жоғары жинағандар саны -  39
  • Апелляцияға бергендер саны бойынша ақпарат сағат 13.00-ден кейін қолжетімді болады, өйткені өңірлерде 21 маусым күнгі нәтиже бойынша апелляцияға өтінішітер қабылдау сағат 13.00-ге дейін жүргізілуде.  

"Дегенмен, бұл нәтижелердің соңғы қорытындысы тамыз айында нақты болатынын атап өткім келеді. Өйткені қолданыстағы Ережелерге сай, барлық бейнежазбалар а.ж. 25 тамызына дейін талданып, тыйым салынған заттарды қолданған фактілер болса, тестіленушілердің балдары жойылатын болады, тіпті білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері де жойылуы мүмкін", деп атап өтті Н. Дидарбекова.