Бірінші. Қаланың санитарлық дәрігері Ж.Пірәлиеваның шешімімен 23 маусымнан бастап барлық мемлекеттік және жеке балабақшалардың жұмысы тоқтатылды. Егер балалардың қасында қалдыратын ешкім болмаса, ата-аналардың бірі қашықтан жұмыс режиміне ауысуы керек. Карантин кезеңінде балалардың жалпы санының тек 20%-ы балабақшаларға (мемлекеттік және жеке) барды. Қабылданған шаралар тек балалардың денсаулығын сақтауға және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған.
Екінші. 23 маусымнан бастап қалалық емханаларда уақытша жоспарлы тағайындаулар мен науқастарды қарау өткізілмейді. Мамандардың жоспарлы консультациялық көмегі қашықтан жұмыс форматына көшірілді. Диспансерлік есепте тұрған адамдарға дәрі-дәрмектерді тағайындау қашықтан және тарату үйге жеткізумен жүзеге асырылады. Халықты вакцинациялау Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жоспарлы түрде жүргізілетін болады. Жүкті әйелдерді қабылдау және ультрадыбыстық скрининг өзгеріссіз қалады. Қаланың емханаларында тек жедел медициналық көмек және КВИ белгілері бар науқастар қабылданады.
Үшінші. ХҚКО-ның жұмыс кестесі таңғы 9-дан кешкі 5-ке дейін қысқартылды. Қаланың санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева атап өткендей, тұрғындар адам көп жиналатын орындарға барудан бас тартып, қатаң санитарлық нормаларды сақтау керек: маска киіп, қашықтық сақтау маңызды.
"Барлық кәсіпорындар жұмысы тоқтатылған "карантиндік демалыс" қажетті шара болды. Барлық саябақтар мен алаңдар жабылды, қоғамдық көліктер тоқтап, адамдар себепсіз үйден шыққан жоқ. Тұрғындар немқұрайдылық танытып, инфекцияның ауырлығын жете түсінбейді. Санитарлық нормаларға немқұрайды қараған жағдайда біз "карантиндік демалысты" тағы да енгізуге мәжбүр боламыз. Барлығы маска киіп, әлеуметтік қашықтық сақтауы керек", – деді қаланың санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.