Технология • 23 Маусым, 2020

Жапондық суперкомпьютер TOR-500 есебінде топ жарды

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапондық Fugaku суперкомпьютері TOR-500 халықаралық сарапшылар тобының есебінде бірінші орынды алды. Бұл туралы Киодо агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Жапондық суперкомпьютер TOR-500 есебінде топ жарды

Есеп жылына екі рет шығарылады. Фугаку − Жапондық физико-химиялық зерттеулер институтының RIKEN және Fujitsu-дың бірлескен жобасы. Аталған жоба институттың ғылыми-зерттеу орталығында құрастырылған. Бір секундта 415,5 квадриллион операция жасайды. Өткен жылдың қараша айында секундына 148,6 квадриллион операция көрсеткішімен рейтингтің бірінші қатарын иеленген Summit суперкомпьютерінен үш есе көп.

Фугаку жылдамдық көрсеткіштерінен басқа компьютерлік модельдеуде және процесті модельдеуде қолданылатын мәліметтерді санау әдісі санатында бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ жасанды интеллекттің өздігінен білім алу қабілеті категориясында және деректердің үлкен көлемін есептеу және талдау саласында жоғары нәтиже көрсетті. Осы уақытқа дейін әлемдегі бірде-бір компьютер алты номинацияның төртеуі бойынша бірінші орынға ие болып көрмепті.

Жапондық суперкомпьютер рейтингте 9 жыл ішінде алғашқы болып өзінің RIKEN-де орналасқан Kay компьютерінен кейін бірінші болды. Екінші және үшінші орындарды АҚШ-тың суперкомпьютерлері, 4 және 5-орынды Қытайдың суперкомпьютерлері иеленді.