Елорда • 24 Маусым, 2020

Еңбегімен еленген елордалық полиция қызметкерлері марапатталды

973 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ішкі істер органдарының ардагер қызметкерлеріне де алғыс айтылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еңбегімен еленген елордалық полиция қызметкерлері марапатталды

Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің басшысы генерал-майор Ержан Сәденов барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, қызметкерлерді кәсіби мереке - Қазақстан полициясы күнімен құттықтады.

Тәртіп сақшылары – қылмыс пен бұзақылыққа бірінші боп қарсы тұрататын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын жандар. Полиция қызметі – өзгенің қамы үшін өзін құрбан етуге дайын батыл әрі мейірімді жандардың ғана қолынан келетін іс.

"Бүгін бізге қоғамдық тәртіпті сақтау және еліміздің бас қаласы, Елбасы есімімен аталған Нұр-Сұлтан қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүктеп, үлкен жауапкершілік артылды. Елордалық полиция департаментінің жеке құрамы алдағы уақытта да өз қызметін, Отан мен азаматтар алдындағы абыройлы міндетін атқаратын болады", – деп атап өтті Ержан Сәденов.

Сондай-ақ ішкі істер органдары ардагерлеріне де тәжірибесімен бөлісіп, жас қызметкерлерді тәрбиелеу мен қалыптастыруға зор үлес қосқаны үшін алғыс айтылды. Қалыптасқан дәстүр бойынша, қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ІІМ министрінің бұйрығымен және Нұр-Сұлтан қалалық ПД бастығының бұйрығымен ерекше көзге түскен қызметкерлерге басшы құрамға берілетін атақтары мерзімінен бұрын тағайындалды. Сондай-ақ медальдер, грамоталар және алғыс хаттар да табыс етілді. "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен полиция подполковнигі Максим Зубов, ПД кинологиялық қызмет орталығының бастығы, полиция майоры Нұрмолда Әбжапаров, ПД патрульдік полиция полкінің рота командирі марапатталды. ІІ дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісімен Байқоңыр аудандық полиция тергеу басқармасының аға тергеушісі, полиция кіші лейтенанты Рахат Тәжин, патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы полиция майоры Индира Лескина марапатталды. Полиция департаменті бастығының бұйрығымен бағалы сыйлық, қол сағаттарымен полиция майоры Мұхитдин Қалабаев, Алматы ауданының жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Бағдат Хасанов, ЖҚАЖ взвод командирі марапатталды. Полиция департаменті бастығының грамотасымен полиция капитаны Нартай Саттар – ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция аға сержанты Ербол Өтешов – қабылдау-тарату орнының кезекші полицейі марапатталды. Сондай-ақ ҚР ІІМ Академиясының курсанттарына да дипломдар табыс етілді.