Бүгінгі таңда елімізде Covid-19 індеті өршіп, жедел жәрдем қызметіне жүгінгендер саны күрт артты, шағымданушылар да көбейді. Осы мәселе бойынша Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен арнайы брифингте Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жүсіпов пен Нұр-Сұлтан қаласының жедел медициналық жәрдем стансасының директоры Мұрат Оразбаев жан-жақты мағлұмат берді.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жүсіпов еліміздегі жедел жәрдем қызметінің әлеуеті мен қазіргі күрделі жағдайға байланысты мәселелерін атап өтті.
Қазақстан бойынша жедел медициналық көмек қызметі 18 дербес жедел медициналық көмек стансасынан, 87 қалалық кіші стансадан және 288 аудандық жедел көмек бөлімшесінен тұрады екен. Жалпы, елімізде жедел көмек шақыртуларына 1400-ге жуық жедел медициналық көмек бригадасы қызмет көрсетеді. Оның 23 пайызы – мамандандырылған дәрігерлік бригада, 77 пайызы – фельдшерлік бригада.
Ал санитарлық автокөлікпен жабдықталу 93 пайызды құрайды. Қазіргі таңда 1967 санитарлық автокөлік бар. 2019 жылы жедел көмек автокөліктерінің тапшылығын жабу мақсатында өңірлерде 293 көлік сатып алынды. Биыл 807 көлік сатып алу жоспарланып отыр. Барлық көліктер отандық автокөлік өндірушілерден лизинг аясында сатып алынады. Қазіргі уақытта жедел көмек көліктерін кезең-кезеңімен дайындау және жеткізу жүргізіліп жатыр. Жалпы, барлық көліктер осы жылдың қараша айының соңына дейін пайдалануға берілмек.
– Осы жылдың 5 айында жедел көмек бригадалары 3 млн-нан аса шақырту бойынша көмек көрсетті. Жалпы, республика бойынша жедел медициналық көмек бригадалары күніне 18 мың шақыртуға шықты. Сонымен қатар осы жылдың маусым айында жедел көмек шақыртулардың 10 пайызға өскені байқалады. Оның ішінде айтарлықтай өсім 15-22 маусым аралығында тіркелді. Бұл күндері жедел көмек бригадалары тәулігіне 22 мыңнан аса шақыртуларға қызмет көрсетті. Өңірлер бөлінісінде шақыртулардың өсуі Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалып отыр. Осыған байланысты жедел көмек бригадасының шақырту орнына дейін келу уақыты 12 минуттан 13 минутқа артқаны байқалады. Бұл ретте бекітілген ережеге сәйкес келу уақыты шақыртулардың жеделдік санатына байланысты екенін айта кету керек. Яғни науқастың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген жағдайда жедел медициналық көмек бригадаларының келу уақыты 10-15 минуттан аспауы тиіс. Ал пациенттің өміріне, денсаулығына айқын қауіп болмаған жағдайда келу уақыты 60 минутқа дейін өзгереді, – деді Бауыржан Жүсіпов.
Бұған қоса спикер коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес пациенттерге жедел көмек көрсету алгоритмі бекітілгенін атап өтті. Осылайша жедел көмек бригадасы шақыртуға қызмет көрсету кезінде бірінші кезекте пациенттің жалпы жай-күйі, ентігуінің бар болуы, минутына тыныс алу жиілігі, дене қызуы және қанының оттегімен қанығуы бағаланады және осы көрсеткіштерге байланысты одан кейінгі әдіс анықталады. Аурудың жеңіл ағымы анықталған жағдайда ентігу және қауіп факторлары жоқ пациент үйде қалдырылады. Әрі қарай емхананың учаскелік дәрігерінің қадағалауына жіберіледі. Егер пациентте ауыр немесе орташа ауыр ағымы, сондай-ақ қауіп факторы бар, яғни жасы 60-тан асқан, қант диабеті, өкпенің созылмалы аурулары сияқты аурулар болған кезде одан әрі емдеу үшін стационарға жеткізіледі.
Жалпы, қазіргі уақытта жедел медициналық көмек бригадаларының барлық қызметкері коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды анықтау алгоритміне оқытылған. Барлық қажетті медициналық жабдықтармен, дәрілік заттармен және қорғану құралдарымен жабдықталған.
Сонымен қатар Бауыржан Жүсіпов жедел көмек стансаларының жанынан арнайы call-орталықтар құрылғанын, онда медициналық көмек көрсету мәселері бойынша білікті мамандар кеңес беріп жатқанын айтты.
Бұған қоса Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында коронавируспен күрес аясында эпидемияға қарсы шараларды жүргізуге тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыру және қолдау үшін жедел медициналық көмек қызметкерлеріне қосымша төлемдер қарастырылған екен. Осы жылдың мамыр айында жедел медициналық көмектің 11 823 қызметкеріне 2 млрд теңгеден аса қосымша төлемақы берілді.
Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының жедел медициналық жәрдем стансасының директоры Мұрат Оразбаев елордада эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 103 қызметіне түсетін жүктеме артқанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, маусым айының басынан бастап өтініштер саны 4 есеге өсті. Тәулігіне елорда тұрғындарынан 4 мыңнан аса өтініш келіп түседі. Қоңыраулар саны екі есе артты. Көшпелі бригада тәулігіне 3 мыңға жуық қала тұрғынына медициналық көмек көрсетеді.
Қазіргі уақытта желіде 118-ден аса көшпелі бригада жұмыс істейді. Барлық көшпелі бригада қауіпсіз жұмыс үшін жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген және медициналық жабдықтармен 100% жарақтандырылған.
– Жедел медициналық жәрдемнің диспетчерлік қызметі базасында Сovid-19 мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау үшін байланыс орталығының қызметі ұйымдастырылған. Қажетті кеңес алу үшін қала тұрғындары 705-103 нөміріне хабарласа алады. Елордада күн сайын 5-7 адамға дейін ауыратын тұтас отбасы түріндегі жаңа инфекция ошақтары анықталады. Бұл жағдайлар отбасылық салтанаттарды өткізу кезінде анықталады, бұған жол берілмейді. Қатаң санитарлық нормаларды сақтамайтын адамдардың бейқамдығы отбасының мүшелерін, соның ішінде қариялар, балалар, жүкті әйелдердің жұқтыруына әкеп соқтырады, – деді Мұрат Оразбаев.
Азаматтар елдегі жағдайдың ушығып бара жатқанын ескеріп, санитарлық нормаларды қатаң сақтау, әлеуметтік қашықтықты ұстау, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау сияқты сақтық шараларына барынша мән беруі керек.
Сабыржан Аққалықов бас жүлдені олжалады
Спорт • Бүгін, 22:48
Өрт сөндіруші өртеніп жатқан үйден ұйықтап жатқан адамды алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 22:27
Елнұр Сүйінбай да финалда ұтылды
Спорт • Бүгін, 21:58
Ерболат Сабыр күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 21:29
Қазақстанда 8 авиакомпанияның қызметі тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 21:05
Санжар Ташкенбай әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 20:46
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының тизерін жариялады
Қоғам • Бүгін, 20:15
«Ақылды ұрпақ» атты жас ғалымдар форумы өтті
Қоғам • Бүгін, 19:57
Ескекшілер Азия чемпионатына даярлануда
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыдағы МӘМС-те қанша адам сақтандырылмаған?
Медицина • Бүгін, 19:10
Қазақстанда еңбек мигранттарының табысынан зейнетақы жарналары есептеле бастады
Қоғам • Бүгін, 18:59
Шығыс Қазақстан халқы қас батырын еске алды
Аймақтар • Бүгін, 18:43
Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті қабылдады
Елбасы • Бүгін, 18:35
«ҚазАвтожолдың» жаңа басшысы бұрын сотталған болып шықты
Оқиға • Бүгін, 18:28
Дзюдошылар Алматы облысында жаттығуда
Спорт • Бүгін, 18:22
Қоғам • Бүгін, 18:07
«Bi Global-дың» жоба жетекшісі 53 млн теңге айыппұл төлейді
Елорда • Бүгін, 17:31
Аида Балаева халық алдында есеп береді
Қоғам • Бүгін, 17:26
Түркістан облысында бетон шығаратын зауыттың іргетасы қаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:15
«Новая волна-2021»: Қазақстан атынан кім өнер көрсетеді?
• Бүгін, 17:00
Бас мүфти жетім балаларға жәрдемдесті
Қоғам • Бүгін, 17:00
Сенат Төрағасы Ресей Елшісімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 16:39
Президент отандық вакцина өндірісін арттыруды тапсырды
Президент • Бүгін, 16:37
Пара алған шенеунік 72 млн теңге айыппұл төлемек
Қоғам • Бүгін, 16:35
Атырауда жолаушылар автобусы аударылды
Аймақтар • Бүгін, 16:26
Ұлыбритания Қытайдан «Шыңжаңдағы геноцидті» тоқтатуды талап етті
Әлем • Бүгін, 16:14
БҚО-да мәслихат депутаты коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 16:01
Спутник-V мен Qaz-Vac вакцинасы ауруды қоздыра алмайды – Манар Смағұл
Коронавирус • Бүгін, 15:41
Қазақстан құрамасы Косовомен жолдастық матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 15:38
Тұтынушыны ұрып өлтірген дәмхана иесі сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Алматыда жүк көлігі мен автобус соқтығысты
Оқиға • Бүгін, 15:30
Жеті боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады
Спорт • Бүгін, 15:21
Елімізде қашан күн жылынатыны айтылды
Ауа райы • Бүгін, 15:09
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Бүгін, 15:00
Қоғам • Бүгін, 15:00
Сенаторлар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін талқылады
Парламент • Бүгін, 14:48
Нұр-Сұлтанда тағы бір аула клубы ашылды
Елорда • Бүгін, 14:29
Аралда есірткіні заңсыз тасымалдағандар жазаларын қоғамдық жұмыс арқылы өтеуде
Аймақтар • Бүгін, 14:09
Жүзушілеріміз Беларусь елінде қос күміс алды
Спорт • Бүгін, 13:42
Nur Otan-да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойына дайындық барысы талқыланды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 13:27
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:04
Ақмола облысы «қызыл аймаққа» қайта енді
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Мемлекеттік хатшы: Фермерлер өткізу нарықтарына делдалсыз шыға алатын болуы тиіс
Үкімет • Бүгін, 13:00
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясында тағы бір кадрлық тағайындау болды
Тағайындау • Бүгін, 12:45
Алматыда тағы бір сауда орталығына жарылғыш зат қойылды
• Бүгін, 12:43
Мергендер Италияда сайысқа түседі
Спорт • Бүгін, 12:36
Экономика • Бүгін, 12:30
«Ashyq» қосымшасына тіркелген нысандар демалыс күндері де жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:13
ЕҰУ мен Оңтүстік Калифорния университетінің профессорлары бірлескен конференция өткізді
Қазақстан • Бүгін, 12:10
Алматылық санитарлар бюджеттен қаржы жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 12:00
Кибералаяқтар СҚО тұрғынын 2 миллион теңгеге алдады
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Алматыдағы сауда үйлердің біріне жарылғыш зат қойылған
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Нұрлан Нығматулин: Салық заңнамасын жетілдіру Мәжілістің басты назарында
Қазақстан • Бүгін, 11:38
Елордада карантин талабын сақтамаған 734 мекеме анықталды
Елорда • Бүгін, 11:30
Ла-Суфриер жанартауы атқылап жатыр
Әлем • Бүгін, 11:29
Билік өкілін қорлаған азамат қоғамдық жұмысқа жегілді
Қоғам • Бүгін, 11:24
АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды
Қазақстан • Бүгін, 11:18
Президент отандық вакцинаны әзірлеген ғалымдарға алғыс білдірді
Президент • Бүгін, 11:15
Қазақстанда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 11:09
Биыл мүгедектігі бар 5,4 мың адам жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 10:57
Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:52
23 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
Бұрымдыларымызға бас жүлде бұйырмады
Спорт • Бүгін, 10:31
130-ға жуық босқын Жерорта теңізіне батып кетті
Әлем • Бүгін, 10:30
Семей қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 10:09
Шиелі ауданының 42 жастағы тұрғыны алғаш рет төлқұжат алды
Қоғам • Бүгін, 09:55
Елордада жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Қоғам • Бүгін, 09:53
Ұқсас жаңалықтар