Коронавирус • 25 Маусым, 2020

Елімізде коронавирустан қайтыс болғандар саны 140-қа жетті

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирустан тағы 4 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде коронавирустан қайтыс болғандар саны 140-қа жетті

Ақмола облысында 1971 жылғы ер адам, Алматы қаласында 1958 жылғы және 1977 жылғы екі әйел адам, 1979 жылғы ер адам індеттен көз жұмды.

Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себептерін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен барлығы 140 адам қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар