Экономика • 26 Маусым, 2020

Қазақстанның орнықтылық қоры барлық табысын мемлекетке аударды

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның орнықтылық қоры, 26 маусым. "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ (Fitch, "BBB"/"Тұрақты" болжамы, бұдан әрі − ҚОҚ) 27,7 млрд теңге табысты дивидендтер төлеуге бағыттады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның орнықтылық қоры барлық табысын мемлекетке аударды

Төлем ҚОҚ акционері − Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелерін орындау аясында, сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің "Мемлекеттік акциялар пакетінің дивидендтері және ұйымдардағы мемлекеттік акциялар бойынша кірістер туралы" қаулысына сәйкес жүзеге асырылды.

ҚОҚ − Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы. Негізгі міндеттері: банк секторының қаржылық тұрақтылығына ықпал ету; ипотекалық тұрғын үй заемдарының қол жетімділігін қамтамасыз етуге қатысу; ипотекалық тұрғын үй заемдарын (ипотекалық қарыздар) қайта қаржыландыру тетігін іске асыруға қатысу; басым жобаларды несиелеу механизміне қатысу; Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту жөніндегі шараларды іске асыруға қатысу болып табылады.