Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сүбелі сұхбаты қазақ зиялыларын бейжай қалдырмайды деп ойлаймыз. Президент мырзаның тіл мәселесі төңірегіне тереңірек тоқталғаны бізді ерекше қуантып отыр.

Ең алдымен тілдің – құбылыс, тілдің – құндылық, тіл – ұлттың ең басты тірегі екенін жан дүниесімен сезіне алатын жаңа заман келе жатқаны бізді ерекше мерейлендіреді.
Қазақ тілі деген сөз – қазақ әдебиеті деген сөз! Қазақ тілі – ол Абайдың тілі!
Тіл саясатын жүргізгенде жадағайлыққа ұрынбағанымыз жөн. Тіл мәселесі көшеде де емес, кабинеттерде де емес, қазақ әдебиетінің кең қанат жаюымен өркендейді! Абай рухын толық сезіне білген жұртқа ана тілін ардақтау мәртебеге айналады! Біз сол жолда мұрат-мүддемізді біріктіре білуіміз керек.
Жалған ұран жарға жығатынын ұмытпағанымыз дұрыс. Қазір де қазақ тілін қолдау да бар да, қолдану да бар. Оны Мемлекет басшысы өз сөзінде «Осы отыз жыл ішінде қазақ тілін дамытуға қатысты ештеңе істелген жоқ деуге болмайды. Туған тіліміздің қолдану аясын кеңейту үшін көп жұмыс атқарылды. Оған дау жоқ. Мұны сырт көз – сыншылар да айтып жүр. Бірақ олардың кейбірі мұндай үрдіске аса қуана қоймайды. Өйткені енді қазақ тілінің дамуын тежеп, ел ішінде кең өріс алуын тоқтату мүмкін емес екенін сезеді», деп ашық айтады.
Отыз жылдағы атқарылған сол ауқымды жобалардың бірі – «Бабалар сөзінің» 100 томдығы дер едік. Жадымызда жаңғырған жауһар жырларымызды жинақтау, ерте заманнан бүгінге жеткен ертегілерімізді екшеу, оны ұрпақ игілігіне аманаттау – ана тілінің аясын кеңейту екенін айта білуіміз керек.
Ана тілін аялауда Алаш идеясын, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының айқын жолын темірқазық етсек ел ертеңіне жаңа есіктер ашылары сөзсіз!
Тіл – адаммен адамды ғана байланыстырып қоймайды, заманалар мен уақыттарды, құрлықтар мен ұлы өркениеттерді, әлем әдебиеттерін байланыстыратын жанды құбылыс.
Осы аралықта қазақ тілінің қадамы нық, болашағы айқын, мұраты биік болғаны әрбірімізге аманат.
Қазақ тілі ананың ғана тілі емес, адамзаттың тілі, қазақ тілінде мыңжылдықтардың бай мұрасы сақтаулы жатыр.
Қазақ тілі – ұлттың жаны!
Әрине Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, тілдік проблеманың үлкен саяси мәні мен маңызы да жоқ емес. «Тіл мәселесіне бейжай қарап, немқұрайдылық танытатын болсақ, мемлекеттігіміз бен ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіріп алуымыз мүмкін. Бұған Украинаны мысалға келтірсек те жеткілікті деп ойлаймын. Мемлекеттік тілді дамыту ісінде қызбалыққа салынып, оның қолдану аясын күшпен кеңейтуге ұмтылудың кері әсері болары анық. Өйткені оның соңы ұлтаралық араздыққа дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар бұл тұрғыда геосаяси жағдайды да назардан тыс қалдырмауымыз керек. Әсіресе Ресеймен арадағы шекарамыздың әлемдегі ең ұзын шекара екенін де әсте естен шығармаған жөн. География – геосаясаттың маңызды факторының бірі», дейді Мемлекет басшысы.
Ендеше, тілді сыртқы күштерден қорғай жүріп, тіл арқылы жаһанданудың күшінен қорғана білейік.
Халық – ұлттық рухта ғана еңсе көтереді! Халық – ана тілінде ғана тыныстайды, халық – ұлттық әдебиетінде ғана өмір сүреді!
Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар