Аймақтар • 28 Маусым, 2020

Жамбыл облысына қалың қар түсті

4347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының таулы жерлерінде қар жауды. Бұл туралы қалалық ТЖҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Жамбыл облысына қалың қар түсті

Еліміздің бірқатар өңірінде 28-29 күндері ауа райы күрт бұзылатынын хабарлаған едік. Қырғызстанмен шекаралас аймақта, яғни 27-сінен 28-іне қараған түні Жамбыл облысы, Мерке ауданының Әулиекөл аулында қалың қар түскен. Мына видеоны түсірген жергілікті тұрғын осындай жаздың шіліңгір ыстығында қар түскеніне қатты таңданып тұр.