Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы "Терминологиялық сөздіктер: сараптау және сапасын арттыру мәселесі" атты әдістемелік онлайн семинар ұйымдастырды, -деп хабарлайды Egemen.kz.

Тілдің байлығы өз құрамын сөзжасам арқылы толықтырып отырады.
Соның ішінде салалық терминологияны дамытуда ескерілетін қазіргі қазақ терминологиясының өзекті мәселелерінің бірі – терминологиялық сөздіктер. Ғылыми қауым үшін қазіргі шығып жатқан және осы уақытқа дейін шығарылған терминологиялық сөздіктердің төңірегінде өзекті мәселелердің бары айқын. Атап айтқанда, сөздіктердегі терминдердің көбісінің шеттілдік термин қалпында берілуі, қазақ тілінің заңдылығына сәйкес игерілмеуі және т.б.Сондықтан да шығарылып жатқан терминологиялық сөздіктердің сапасын арттыру өзекті мәселе болып табылады.
Осының бәрі семинардың негізгі тақырыбы болды.
Бұдан басқа терминологиялық сөздіктердің қолданыс аясын кеңейту жолдары, терминологиялық сөздік құрылымындағы жүйелілік, терминдердің сөздік құрылымында дұрыс берілуі, кірме терминдердің сөздіктерде берілуіндегі қиындықтар т.б. өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдарын ұсынылды.
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сәрсенбай Қуантайұлы Құлманов: "Қазақ терминологиясында, терминологиялық біріздендірудің басқа түрлерін айтпағанда, белгілі бір сала шеңберіндегі біріздендіру жұмыстары көңіл көншітпейді. Терминдердің әркелкі немесе керісінше біркелкі қолданылуы ісқағаздар тілінде, әртүрлі техникалық құжаттарды дайындау кезінде түсініспеушілік туғызып қана қоймай, медицина сияқты адам өмірімен тікелей байланысты салаға қатысты құжаттарды толтыруда аса көңіл алаңдатарлық жайт болып табылады. Мемтерминком бекіткен терминдерді қолдануда әркелкілік орын алып отырғаны жасырын емес".
Оның пікірінше, бұл олқылықтарды жою мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы республикалық терминологиялық комиссия термин бекіту жұмыстарын қарқынды түрде жүргізіп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ғылыми-практикалық орталығы мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты салалық терминологиялық сөздіктердегі терминдерге кешенді сараптама жасаумен айналысуда.
Өзінің онлайн-дәрісін: "Әр пәннің өзінің жеке сөйлеу стилі бар, оны нақты пәннің "академиялық тілі" деп атауға болады. Академиялық тіл пән мазмұнын меңгеру, ойлау және осы пәнде қолданылатын ұғымдармен жұмыс істеу қабілетін жақсартуға арналған басты құрал болып табылады", – деп бастаған филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ақбота Тұрағұлқызы Қоңырова жаңа терминдерді бала ұғымына қалай тез сіңіруге болатыны жөнінде нақты мысалдармен қызықты әңгімелеп берді.
Педагогика ғылымдарының магистрі, терминші Серік Әбдірешұлы Ерғали 1906 жылы Орынборда басылып шыққан "Орысша-қазақша (қырғызша) қысқаша сөздіктен" бастап, Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында жарық көрген 100-ден астам сөздікке дейін шолу жасап өтті.
Одан әрі өз ойын: "Десек те, өз алдына ел ғана емес, тіл де егемен болады. Демек, тәуелді халықтың тіліне қоятын талаптан азат халықтың терминологиясына қойылатын талап мүлде басқа ауқым мен деңгейді қамтуы тиіс. Бүгінгі күн талабына тіпті сәйкеспейтін сөздіктер кездеседі. Жыл сайын мыңдаған жаңа терминдер туындауда, оны тілдің терминологиясына сіңірейтіндей лингвистикалық әлеует пен ресурс қажет",– деп түйіндеді.
Іс-шараға тікелей эфир арқылы қатысқан сала мамандары, филологтар мен жоғары оқу орнының студенттері, жалпы жұртшылық тақырып бойынша өз ойын білдіріп отырды.
Онлайн-семинарды Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Е.Тілешов қорытындылады.
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Бүгін, 19:35
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар