"Пандемияның екінші толқынын ескере отырып, шілденің соңына дейін жұқпалы дертке шалдыққандарға арналған төсек орындарын 50 пайызға арттыруды тапсырамын. Бұл үшін өңірлер барлық резервті, соның ішінде, жеке және ведомстволық медицина орталықтарын пайдалануы керек. Үкіметке дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесін бес күннің ішінде шешуді тапсырамын", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп, емдеудің маңыздылығын атап өтті. Осы ретте проблемаларды шешу үшін Үкімет пен өңірлердің әкімдеріне барлық қаржылық және инфрақұрылымдық ресурстарды жұмылдыру тапсырылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Алматы маңында тағы жер сілкінді
Алматы • Кеше
Таулы аумақта қалған 60 көлікке көмек көрсетілді
Құтқарушы • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Кеше