Аймақтар • 01 Шілде, 2020

Қабырғаға салынған карта

1381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраудағы көпқабатты тұрғын үй қабырғасына ерекше карта салынды. Оны қолға алған Н.Ті­лендиев атындағы кіші өнер академиясының суретшісі Мирас Жанғожиевтің айтуынша, карта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қыз­меттің парасаттылық, әділдік және сенім сияқты құндылықтарын қамтиды.

Қабырғаға салынған карта

Өйткені, парасаттылық идеологиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің тұжы­рым­дамалық негізі ретінде  ай­қындалған. Бұл кешенді ұғым­ға адалдық, әдептілік, заң­дылық, са­тылмаушылық, се­нім­ділік, адам­­гершілік, тұрақ­ты­лық жатады.

– Біздің академиядағы бей­­нелеу өнері және дизайн кафед­расының оқы­ту­шылары  сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күреске өз үле­сін қосып, әлеуметтік зұлым­дық­пен күресуді мақсат етіп отыр. Мұндай жобалар өте күр­делі болғанымен, біз өз жұ­мысымыздың нәтижесін  қала тұрғындарының  оң пікір біл­діруінен байқаймыз, – дейді суретші Мирас Жанғожиев.

Оның айтуынша, бір сурет бір аптадан 10 күнге дейінгі мер­зімде салынды. Суретшілер оған арнайы бояу құйылған 100-ден астам балонды пайдаланады.

– Балондардағы бояу сапасы суға төзімді. Сол себептен үй­дің қабырғасы сапалы әрі се­німді болса, суреттер ұзақ уақыт бойы сақталып тұрады. Мұн­дай суреттерді алда да  салуды ойлас­тырудамыз, – дейді ол.

 

АТЫРАУ