Медицина • 01 Шілде, 2020

Батыс Моңғолияда бубонды обаға карантин енгізілді

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Central Asia (MNG) − бубон обасы туралы хабарлағаннан кейін Батыс Моңғолиядағы Ховд аймағының екі сомында карантин шаралары жарияланды. Карантин 29 маусымда сағат 10:00-де басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Батыс Моңғолияда бубонды обаға карантин енгізілді

Зоонозов ұлттық орталығының (НЦЗ) ақпаратына сәйкес, Ховд аймағындағы Цэцэгтің 27 жастағы тұрғыны суыр етін жегеннен кейін жексенбі күні ауруханаға жеткізілді. Әйел адамға арнайы ем-дом жүргізілсе де, қазіргі жағдайы өте қиын. Ол 60-тан астам адаммен тікелей және 400-ге жуық адаммен жанама байналыста болған.

Осыған дейін 2019 жылдың сәуір айында көрші Батыс моңғол аймағының Баян-Өлгийінде бубон обасынан ерлі-зайыптылар қайтыс болған.

Бубон обасы − жабайы кеміргіштерде өмір сүретін бүргімен берілетін бактериялық ауру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бұл ауру ересектерді 24 сағат аралығында емдемесе, аз уақыт ішінде өліп кетуі мүмкін.