Қазақстан • 01 Шілде, 2020

Премьер-Министрдің орынбасары коронавирустан айығып, қызметіне кірісті

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустан жазылып, қызметіне қайта кірісті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Премьер-Министрдің орынбасары коронавирустан айығып, қызметіне кірісті

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

"Ералы Лұқпанұлы 10 күн емделген соң тест тапсырды және тест теріс нәтиже көрсетті. Ол қызметіне қайта кірісті", - деп хабарлады Үкімет.

Айта кетейік, Ералы Тоғжановтың коронавирус жұқтырғаны туралы 18 маусымда белгілі болған еді.

"Маған да өзін өзі оқшаулау режиміне кетуге тура келді. Инфекциядан барынша сақтанғаныма қарамастан, менен коронавирустың симптомсыз түрі анықталды. Тезірек жазылып, жұмысқа кірісу үшін дәрігерлердің берген нұсқауларын орындаудамын. Азаматтарымызды маска тағып, антисептиктер қолданып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын", - деп жазған болатын ол Facebook парақшасында.