Қоғам • 01 Шілде, 2020

Халық санағын жүргізуге қызметкерлерді іріктеу басталды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті ұлттық санақты жүргізу және дайындау бөліміне нұсқаушы-инспекторларды іріктеуге конкурс жариялады, - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Халық санағын жүргізуге қызметкерлерді іріктеу басталды

Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті ұлттық санақты жүргізу және дайындау бөліміне нұсқаушы-инспекторларды іріктеуге конкурс жариялады. 20 шілде мен 2 қыркүйек аралығында 23 нұсқаушы қажет.

Барлық қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар келесідей. Білімі: жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарсыз.