Бішкекте Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы елшілігі және Алықұл Осмонов атындағы Қырғыз ұлттық кітапханасы бірлесіп Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы ойшылдың ғылыми және рухани мұрасы» атты онлайн-конференция өткізді.

Іс-шараны жүргізген кітапхана директоры Жылдыз Бакашова ұлы оқымысты әл-Фарабидің өмір жолына, еңбектеріне қысқаша шолу жасап, сөз кезегін Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Нұрпейісовке берді.
– Әл-Фарабидің мерейтойы Қазақстанда мемлекеттік деңгейде өтіп жатыр. ЮНЕСКО ғұлама ғалымды «Атаулы даталардың және оқиғалардың күнпарағына» кіргізді. Сондай-ақ мерейтой Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы, Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша исламдық ұйымның және басқа халықаралық мекемелердің қолдауымен кең аяда, әлемнің түкпір-түкпірінде аталып өтуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғұлама ойшыл туралы: «Мәдениеттің, бірінші кезекте Шығыс, Орталық Азия халықтарының, түркі, оның ішінде қазақ елінің мәдениетінің одан әрі дамуына әл-Фарабидің ықпалы әр тарапты және ұзақ мезгілді қамтыды» деп айтқанындай, ұлы ойшылдың еңбектері бүгінгі күнде де маңызды», деген елші әл-Фарабидің қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактатынан «Бақытқа жету жолында адамдар бір-біріне жәрдем беретін болса, жер жүзі ізгілікті болады» деген сөзін мысалға тартты.
Ғұламаның осы сөзі онлайн-конференцияның өзегіне арқау болғандай. Пікір бөліскендер әл-Фарабидің гуманистік көзқарастарына баса назар аударып, оны әр қырынан баяндады. Іс-шараға тікелей қатысқан Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Назира Усупова «Мен әл-Фарабидің еңбектерін оқыту Қырғызстанның жоғарғы оқу орындарының, мектептердің, тіпті балабақшалардың бағдарламаларына кіргізілсе тура болар еді деп есептеймін» деген ұсынысын айтты. Конференцияда әріптесінің ұсынысын қуаттаған осы университеттің тарих және әлеуметтік-құқықтық білім факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Назира Құрбанова «Әл-Фараби және Жүсіп Баласағұн адамның әдеп-ақлақтық жетілуі жөнінде» атты баяндамасында әл-Фараби мен ортағасырлық түркі ғалымының еңбектеріндегі сабақтастыққа талдау жасады.
Онлайн-конференцияға қашықтан қатысқан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, саяси ғылымдар кандидаты, профессор Ақбота Жолдасбекова, осы оқу орнының шығыстану кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Самал Түлеубаева, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы Режеп Баярисов, Қырғыз ұлттық ғылым академиясының философия, құқық және әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының директоры, философия докторы Нұр Саралаев, Бішкектегі Еңбек академиясының ректоры, философия докторы Асқарбек Бекбоев ұлы оқымыстының еңбектері, оның өміршеңдігі туралы ойларын ортаға салды.
Кітапхана залында кітапхана қорында сақталған әл-Фарабидің әр жылдары жарық көрген кітаптары, ол туралы ғылыми еңбектердің және мақалалардың көрмесі ұйымдастырылды, әл-Фараби туралы фильм көрсетілді.
Назарбек БАЙЖІГІТОВ,
Қырғыз Республикасының үкіметтік «Қырғыз Туы» газетінің жауапты хатшысы,
арнайы «Egemen Qazaqstan» үшін
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар