Аймақтар • 02 Шілде, 2020

Атырауда дәрігерлер онлайн кеңес береді

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Қабдықапаровтың мәлім етуінше, коронавирустың жеңіл түріне және вирустық инфекцияларға шалдыққан науқастарға үйден емделуге қатысты  білікті дәрігерлер кеңес береді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда дәрігерлер онлайн кеңес береді

"СOVID-19 инфекциясының күшеюіне байланысты науқастарға 24 сағат бойы онлайн режимде консультациялық көмек көрсетілмек. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасымен  біз тәжірибелі медицина мамандарын жұмылдырып, call-орталық ашып отырмыз. Осы орталық арқылы облыс тұрғындары кез-келген сауалына жедел, әрі нақты жауап алатын болады", - дейді  Нұрлыбек Қабдықапаров.

Оның айтуынша, тұрғындар 103, 109 және 112 байланыс  нөмірлеріне хабарласып,  үй жағдайында қалай емделу қажеттігі, оқшаулану тәртібі, қанша мезгілде, қандай дәрі-дәрмектерді қабылдау керектігі жайлы толық ақпарат алады. Операторлар қоңырау шалған азаматтарды  дәрігерлермен автоматты түрде байланыстырады.

"Қазіргі уақытта  call-орталыққа 28 жалпы тәжірибелік дәрігер тартылды.  Олар коронавирус инфекциясын, ЖРВИ мен пневмонияны емдеу алгоритміне сәйкес  консультативтік көмек көрсетеді. Дәрігерлердің кеңесі арқылы тұрғындар үй жағдайында қандай ем қабылдаулары  қажет екенін білетін болады.  Бұл  жедел жәрдем жұмысын жеңілдетуге септігін тигізеді. Сall-орталық   науқастарға қазіргі жағдайда, әсіресе карантиндік шектеу шаралары кезеңінде қауіпсіз түрде медициналық қызметке жүгіне отырып, уақытын үнемдеуге  мүмкіндік береді", - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.