"Қазіргі ахуал қолдан келген көмекті көрсетудің қажеттігін байқатты. Себебі, қауіпті індеттің таралу жылдамдығы өршіп барады. Соған байланысты 2 950 000 бір реттік шприцті тегін таратуға ұйғарым жасадық. Алғашқы легі – 500 000 дана. Ал, Қызылқоға ауданының әр тұрғыны үшін 10 данадан 300 000 данасын тегін береміз", дейді Махмут Мералиев.
Кәсіпкер бұған дейін Қызылқоға аудандық ауруханасына 1 млн 345 мың теңгенің дәрі-дәрмегін, 1 млн теңгенің оттегі баллонын алып беріпті. Сондай-ақ, аудандық ауруханадағы 10 пациенттің әрқайсысына материалдық көмек көрсетті.
Кеше атыраулық волонтерлар кәсіпкер ұсынған бір реттік 500 000 шприцті Атырау қаласының тұрғындарына тегін таратты. Бір адамға –15 дана шприцтен. Енді олар қала маңындағы 7 ауылдық округ тұрғындарына тегін таратуды көздеп отыр.