Аймақтар • 02 Шілде, 2020

Атырауда көлік жөндеу орталығын өрт шарпыды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, өрт  кеше,  1 шілдеде кешкі сағат 21:21-де басталған, деп хабарлайды Egemen.kz 

Атырауда көлік жөндеу орталығын өрт шарпыды

"Департаменттің диспетчерлік қызмет пультіне Атырау мөлтекауданында орналасқан көлік жөндеу орталығының өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Көлік жөндеу орталығының жалпы ауданы 150 шаршы метрді құрайды. Өртті  сөндіруге арнайы  қызметтің 17 қызметкері  мен 5 техникасы жұмылдырылды. Жергілікті уақытпен сағат 22: 56-да өрт толығымен сөндірілді", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрттің шығу себебі мен шығынын  анықтап жатыр.