Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Қабдықапаровтың мәлім етуінше, медицина қызметкерлерінің көпшілігі стационарларда қауіпті індетпен күреске жұмылдырылады.
"Қауіпті індет тарала бастағаннан бері облыста 115 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырды. Олардың арасында 38 дәрігер бар. Өзгелері орта және кіші буындағы мамандар. Енді олар емделіп шыққан соң өз міндеттерін атқаруға кіріседі", дейді Нұрлыбек Қабдықапаров.