Шолаққорғаннан жетпіс шақырымдай жерде Созақ ауылы жатыр. Жазға салым аяқ асты жол түскен. Дәшті-Қыпшақтың падишахы Тәуекелдің сауын айтып, жақсы-жайсаң атаулыны жинаған Қаратаудың терістігіндегі Созақтағы құрылтай осы маңайда өткен екен ғой деп ғасырлар қойнауында қалған бабалардың ізін көріп қалардай, төңірекке тебірене көз тастаған едік.

Біз отырған көлік жеңіл сырғып келіп әлдебір дарбазаның алдына тоқтаған. Аула кең, салтанатты екен. Күндізгі аптаптың беті қайтқан, кешқұрымғы майдақоңыр самал айналаны тербетеді. Мәуелі бақ иіліп, сары өріктер жерде шашылып жатыр. Оң жақ қапталда тереңірек жырада сылдырап аққан судың бергі жағын әдемілеп, ас-су ішетін орынға лайықтап, жасап қойған екен. Жол соқты болып, шаршап келген адамды аунап-қунап жата кетуге шақырып тұрғандай, жайлылығымен бірден көзге түседі. Ал сол қапталда Қара бура әулиенің күмбезді кесенесі бой көтерген. Айбарлы, суық. Басынан зиярат етушілер үзілмейді. Әуелі әулиенің басына сәлем бердік, бұлжымас дәстүр есебінде. Кейін кесенені айнала, қабірстанның түбіне қарай өтіп, ақ кірпіштен оқшау қаланған моланың алдына тізе бүктік. Бұл әйгілі дәулескер күйші Сүгір Әліұлының мазары екен. Ескі күйшіліктің салтын сақтаған ең соңғы домбырашының басында отырғанымды ойлап, әуезді оқылған құранға ден қойдым.
Құт қонған қазыналы Қаратау – күй құдіреті дарыған қасиетті өлке. Қобызшы Ықыластан Сүгірге, Сүгірден Жаппасқа қонған қобыз бен домбыраны қосақтаған телқоңыр күйшілік өнері осы Созақта салтанат құрған. Күйді екі тартқызбай қайталау, жанынан суырып салу, таңды таңға ұрып күй толғау сынды көненің жолынан айнымаған өнерпаз күйлерін шертпелетіп те, төкпелетіп те шығара берген. Алғашқыда ойнақы естілетін «Аққу» мен «Бозінгенінің» қағысы жеңіл көрінгенімен мінезді, әуен-саздылығы басым келеді. Қара өлеңмен мазмұндас, Арқаның әншілік дәстүріне көп келетіндей. Бұл турасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай «Сүгір күйлерінің музыкалық құрылымынан аталған қасиеттерден бөлек жыр мақамдарын да аңғара аламыз. Мысалы, «Ыңғай төкпе», «Назқоңыр» сияқты күйлерден қазақтың ақ өлеңіне құрылған ырғақтар есіп тұрады», деп жазады. Музыканың тілі нақтылы өмір дерегін беруде тілмен жарыса алмайтыны даусыз. Әйткенмен орта екпінмен, шалқыта орындалатын «Аққу» күйінің шығу тарихы туралы аянышты хикая қоса баяндалады. Көктемде Шу өзенінің бойына мамырлай қонған аққуларды атуға патшалық Ресейдің жасауылдары жыл сайын аңшылық ұйымдастырып тұрған. Жазушы Ө.Қырғызбаевтың романында аққудың мамығын жинау үшін арнайы науқан ұйымдастырылатыны, жыл сайынғы аңшылық сонардан аққудың тұқымы тұздай құрып кеткені туралы айтылады. Қасиетті құстың обал-киесіне қарамаған нәубетті көзімен көрген күйшінің салалы саусақтары домбыраның шанағынан осы бір мұңды да тебіреністі күйді үнсіз саулатса керек. Сырттай тыңдағанда көтеріңкі тынысы жеңіл баурап алғанымен, ішкі күйзелісі сары жазық атыраптағы буалдыр сағымдай көз ұшында тербеліп, әлде бір өксікті, шерді анық аңғартады.
Өмірінің соңғы жылдары кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов «Өскен өңір» атты романын жазуға материал жинау үшін Теріскейге табаны тиіп, елдің тыныс-тіршілігімен, бай тарихымен танысады. Осы сапарында ұлы жазушының шертпе күйдің негізін салушылардың бірі, дәулескер күйші Сүгір Әліұлымен кездескені жайлы айтылады. Атақты домбырашының үйіне «Созақ» кеңшарының директоры Балтабай Әбдіраманов алып барады. Сүгірдің үйіне Созақ аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Әділ Сасбұқаев, жас жазушы Тәкен Әлімқұлов та бірге барады. Үлкен парасат иесі Мұхаңды Сүгір күйші де тап басып таныпты. Әншейінде шешіліп көп алдында домбыра ұстай бермейтін күйші сол жолы ерекше разылықпен қонақтарының алдында «Тоғыз тарау», «Шалқыма», «Назқоңыр», «Аққу», «Кертолғау», «Жолаушының жолды қоңыры», «Бозінгеннің бүлкілі» атты күйлерін іркілмей орындап бергендігі айтылады. «Мен бір талант таптым, Тәкен! Сен Сүгір жайлы жаз», – деп жанында бірге сапарлас болып жүрген Тәкен Әлімқұловқа ой тастайды. Осыдан соң үлкен жазушының бір ауыз сөзін қаперінде ұстаған қаламгер Созаққа келген сайын шертпе күйдің шеберлері күйші-композиторлар Сүгір мен Төлеген Момбековке сәлем беріп, күйшілер өмірінен үзік-үзік әңгімелер жазып, газет-журналдарға жариялап жүріп, біразын кейінірек кітаптарға топтастырады. Сүгір тудырған сарынға құлақ түріп отырғанда ұлылардың өмірімен астасқан көпке белгілі осы бір деректер ойыма орала берді.
«Бір халықтың әні кетсе әдебиеті жесір қалады. Сәні кетеді, сәні кетсе жаны кетеді. Қазақты жансыз ағаш қылып, отқа жаққыларың келмесе, әнді сақтаудың қамын қылыңдар», деп жазып еді кезінде өршіл ақын Сұлтанмахмұт. Небәрі жиырма жасында айтқаны. Қандайы шынайы, дәл, әсерлі! Нәзік сипатымен, өмірге құштарлық лебі шалқыған, жаңарған қалыптағы халық күйлері – қазақтың жаны емес пе еді. Айтудан кенде қалған жеріміз жоқ, десе де бүгінгі әніміз бен күйіміздің сиқы қандай?! Осынау құт дарыған мекеннің басында алақан жайып отырып, соны ойладым. Сүгірлерден қалған әніміз бен сәнімізді сақтай алдық па?
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Партия қоғамдық кеңестерінің қызметі жүйелі түрде қайта құрылымдалады – Бауыржан Байбек
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар