Президент Қ.Тоқаев өзінің Twitter парақшасында Үкімет 5 шілдеден бастап карантин режімін енгізу жоспарын ұсынғанын, сондай-ақ Қазақстанда эпидемиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өткенін жазды. Ауру бірнеше айдың ішінде әлемнің барлық түкпіріне таралды. Дамыған елдерде індеттен болған өлім-жітім жоғары деңгейін көрсетіп отыр. Мысалы, АҚШ-та бұл көрсеткіш 5%-дан асады.
5 шілдеден бастап сұлулық салондары, спорт залдары, көпшілік іс-шаралар, кафелер мен мейрамханалардың жұмысына 14 күндік шектеу шаралары енгізіледі. Осындай жұмыс режімі барша қазақстандықтарға бұрыннан таныс. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұқпалы ауруы бар науқастарға арналған төсектік-орын саны 50% арттырылып, 1400 қабылдау бригадасы жұмыс істеуде. ПТР-сынақтарына арналған 8 жылжымалы зертханалар сатып алынуда. Ал сынақтардың өздері Ресейден, Қытайдан, Германиядан әкелінеді.
Наурызда еліміз осыған ұқсас режімді бастан өткерген болатын. Үкімет жоспарында көрсетілген шешімдер шектеулік сипатқа ие, бірақ шамадан тыс ештеңе жоқ. Мәселен, аймақтар арасындағы әуе қатынасы сақталады, жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы біршама шектеледі. Алайда коронавирустық сынақтан өткендігі туралы анықтаманы ұсынудың қажеті жоқ. Әсіресе маусымдық факторды, демалыс кезеңі екенін ескеретін болсақ, бұл өте маңызды шара.
Қазір коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар санының өсуі байқалады. Өкінішке қарай, қайтыс болғандар да бар. Қазақстандықтар елдегі жағдайға өздері де жауапты екенін түсінуі керек. Сақтық шараларын жекелеген азаматтардың елемеуі, түрлі мерекелік шараларды өткізу, қарапайым санитарлық нормаларды сақтамау эпидемиялық жағдайдың күрделенуіне алып келді. Осындай шектеу шаралары көктемде айтарлықтай тиімді болды.
Қазіргі уақыттағы негізгі міндет – аурудың таралуын азайту және жағдайды оң бағытқа бұру.
Зарема ШӘУКЕНОВА,
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры