Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың 5 шілдеден бастап Қазақстан аумағында қатаң карантин шараларын енгізу туралы қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында "Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және "Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиарейстердің бағыттары мен жиілігін көбейтпей, өңірлер арасындағы авиақатынастарды сақтауды қамтамасыз етсін.
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, "Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы:
1) жолаушылардың темір жол тасымалы көлемін қысқартуды қамтамасыз етсін;
2) қала маңындағы жолаушылар поездарының (электричка, жұмыс поездарын қоспағанда) қозғалысын тоқтата тұрсын;
3) жолаушылар поездарының құрамында жалпы вагондарды құруды болдырмасын.
- Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар:
1) қалааралық автобус тасымалдарын тоқтата тұруды;
2) ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;
3) азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметіне тыйым салуды;
4) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың қызметіне тыйым салуды;
5) барлық мәдениет объектілерінің (театрлар, концерт ззалдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.) қызметіне тыйым салуды;
6) діни объектілердін (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагога және т.б.) қызметін тоқтата тұруды;
7) балаларды сауықтыру лагерьлерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, балалардың түзету кабинеттерінің, білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың қызметіне тыйым салуды;
8) фудкорттар, банкет залдарының қызметіне тыйым салуды;
9) СПА-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың қызметіне, маникюр мен педикюр көрсетілетін қызметтеріне тыйым салуды;
10) жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының қызметіне тыйым салуды;
11) 500 м2 артық азық-түлік емес дүкендердің тек жеткізу қызметін;
12) 65 жастан асқан тұрғындардың және 3 адамнан артық топтардың жүріп-тұруын шектеуді;
13) қоғамдық көліктің қозғалысын шектеуді;
14) өңірлер арасында жеке автокөліктің жүріп-тұруына рұқсат беруді;
15) әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда);
16) аймаққа бөлу және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын сақтай отырып, медициналық орталықтардың (жазылу бойынша) қызметіне рұқсат беруді;
17) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және 50%-нан асырмай толтыра отырып, халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдарының (қонақүйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) қызметіне рұқсат беруді;
18) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттан тыс) қызметіне рұқсат беруді;
19) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, ашық ауадағы және үй-жайда 30-дан аспайтын отыратын орын орната отырып, қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат беруді;
20) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіптік кәсіпорындардың; ашық ауадағы құрылыс жұмыстарының, ауыл және балық шаруашылығының, мал шаруашылығының қызметіне рұқсат беруді;
21) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, уақыт бойынша шектеу арқылы халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілерінің (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалары) қызметіне рұқсат беруді;
22) уақыт бойынша шектеу арқылы және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бизнес-орталықтардың (адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.), букмекер кеңселерінің қызметіне рұқсат беруді;
23) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, уақыт бойынша шектеу және қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы ХҚКО-ның жұмысын ұйымдастыруды;
24) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, уақыт бойынша шектеу және қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын ұйымдастыруды;
25) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілері жоқ саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың басқа да демалыс орындарына баруға рұқсат беруді;
26) ашық ауадағы жеке жаттығуларға рұқсат беруді;
27) қоғамдық көлікке, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, әуежайларға, аулалық балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындрға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;
28) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты және саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін.
- Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттері қызметіне рұқсат берілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолдансын.
- Тиісті аумақтағы, көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы ведомствосының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы қаулы 2020 жылғы 5 шілдеде 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А. Есмағамбетова
Қазақстанның 8 өңірі «қызыл аймақта» тұр
Коронавирус • Бүгін, 10:07
Қай қалаларда вакцина сауда орталықтарында салынып жатыр?
Медицина • Бүгін, 10:00
Шымкентте автобус жүргізушісі баланы қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:55
Биыл күзге дейін 10 миллионға жуық адам вакцина алады
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 97 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді
Қоғам • Бүгін, 09:34
Юлия Путинцева үздік теннисшілер қатарына кірді
Спорт • Бүгін, 09:26
12 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:25
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Коронавирус жұқтырған 569 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:06
608 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 08:57
Руханият • Бүгін, 08:52
Руханият • Бүгін, 08:50
Оқиға • Бүгін, 08:48
Сананы өзгертудің тиімді тетігі
Руханият • Бүгін, 08:36
Алматыда Азия чемпионаты өтеді
Спорт • Бүгін, 08:32
Тарихи жерлердің тағылымы бөлек
Руханият • Бүгін, 08:30
Докторантураға түсу ережелеріне өзгертулер енгізілді
Білім • Бүгін, 08:28
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 08:25
Теннис • Бүгін, 08:11
Аграрлық ғылымсыз алға баспаймыз
Ғылым • Бүгін, 08:09
Сәтбаев университетінің ертеңі
Ғылым • Бүгін, 08:06
Футбол • Бүгін, 08:06
Рухы биік ел ешқашан жеңілмейді
Руханият • Бүгін, 08:05
Әлия Оспанова: Қазақ ғалымдарына қолдау көрсетеміз
Ғылым • Бүгін, 08:04
Спорт • Бүгін, 08:04
«Керуенсарай» – ең ірі туристік кешен
Оқиға • Бүгін, 08:02
Ғылым • Бүгін, 08:01
Ел болып жұмылмасақ, еңсеруіміз екіталай міндет
Саясат • Бүгін, 07:59
Этносаяси сауаттылық әркімге қажет
Саясат • Бүгін, 07:53
Хромтауда үйде жарылыс болып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
Батырмұрзаев алтын, Дәулетбеков қола алды
Күрес • Кеше
Қазақстан • Кеше
Музей қоры құнды картиналармен толықты
Өнер • Кеше
Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзгелерді тамсантсақ өнерменен
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Ғылым мен «жасыл экономика» симбиозы
Ғылым • Кеше
Ғылым – қоғамды дамытудың қайнар көзі
Ғылым • Кеше
Қазақстан • Кеше
Азаттық үшін күрестің бір айғағы
Тарих • Кеше
Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті
Оқиға • Кеше
Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?
Аймақтар • Кеше
Ақтөбедегі шошқа фермасының басшысы тергеуге алынды
Аймақтар • Кеше
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады
Елорда • Кеше
11 сәуір – Бүкіләлемдік паркинсон дертімен күрес күні
Медицина • Кеше
Өскеменде әуе қатынасы бір айға тоқтатылады
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысында каналда балық аулауға тыйым салынады
Аймақтар • Кеше
Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасына иелік етті
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде су тасқынынан 20 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда Lexus көлігі жедел жәрдемнің өтуіне кедергі жасады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде такси жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті
Аймақтар • Кеше
Боралдай ауруханасының дәрігерлері антына берік
Медицина • Кеше
Алматыда карантинді бұзған нысандар белгілі болды
Аймақтар • Кеше
Пневмониядан 5 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1222 науқас коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 2842 адамда коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Ұқсас жаңалықтар