Әлем • 04 Шілде, 2020

Қытайдан кезекті гуманитарлық жүк Қазақстанға келді

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус індетінің таралуына қарсы күрестегі халықаралық күш-жігер мен ынтымақтастық шеңберінде Қытай Халық Республикасының Үкіметі жолдаған медициналық гуманитарлық көмектің кезекті партиясы бүгін Алматы қаласының халықаралық әуежайына жеткізілді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Қытайдан кезекті гуманитарлық жүк Қазақстанға келді

Жүк құрамына COVID-19 індетін анықтауға арналған 50 мың тест-жүйелер, сондай-ақ 70 мың қорғаныс көзәйнегі, 150 мың медициналық қолғаптар, 1000 — түйіспесіз термометрлер, 30 мың қорғаныс костюмдері мен 600 мың маскалар кірді.

Қорғаныс құралдары медициналық мекемелер мен ұйымдар арасында таратылады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ҚХР Үкіметіне жаһандық пандемия жағдайында ұсынылған гуманитарлық жүк үшін ризашылығын білдіреді. Біздің қытайлық әріптестеріміздің игі әрекеті Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға деген бекемдігін көрсетеді.