
"Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, тұрғындардың қозғалысы шектелді. Алайда, азаматтардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруына және кері қайтуына тыйым салынбайды. Тек бұл жағдайда олардың жұмыс орнынан берілген анықтама немесе қызметтік куәлігі бірге болуы керек. Сондай-ақ, азық-түлік өнімдерін, қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді тұрғылықты жеріне жақын орналасқан дүкендер мен дәріханалардан сатып алуға, төтенше жағдайлар туындаған кезде медициналық мекемелерге баруға рұқсат етіледі", - деп түсіндірді Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Сүлеймен Әубәкіров.