Биыл Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласының құрылғанына 22 жыл толды. Елбасының салихалы саясатының жемісі мен ел бірлігінің арқасында Алатау етегінен Сарыарқа төсіне қоныс аударып, аз ғана уақытта әлемдік сәулет өнерінің ғажап үлгісіне айналған Нұр-Сұлтан қаласы бүгінде жастар мен жаңа мүмкіндіктердің ордасына айналды.
Осыған орай, Түркістан облысының әр ауданындағы жалынды жастары бас қалаға деген ізгі тілектерін өлең шумақтары арқылы білдіріп, ізгі сәлемдерін жолдады. Олардың арасында ғылым мен білім, өнер мен спорт саласында жетістіктерге жеткен жастар да бар.
Облыс жастары Елорда жасампаздық пен тәуелсіздіктің символы ретінде күллі Қазақ даласының бет-бейнесі болып қалыптасқанын, әлем елдері арасында қуана айтар мақтанышымызға айналғанын айтты.
Сонымен қатар, Түркі жұртының тұмарына айналған қасиетті өлкенің жастары ел астанасымен бірге жасап, барлық бастамаларға қолдау білдіретіндерін жеткізді.