Елбасы • 06 Шілде, 2020

Владимир Путин Елбасын мерейтойымен құттықтады

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Президенті Владимир Путин Елбасын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, қажымас қайрат және достас Қазақстан халқының игілігі үшін жаңа табыстар тіледі, - деп хабарлайды Еgemen.kz

Владимир Путин Елбасын мерейтойымен құттықтады

Ресей Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көрегендігі мен мол тәжірибесі Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерді күшейтетуге септігін тигізетініне сенім білдірді.

Елбасы В.Путинге жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарды нығайтуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.