Өнер • 07 Шілде, 2020

Елбасы ашқан академия

330 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған сарабдал саясаткер, Тұңғыш Президентіміз – Елбасымыздың мерейтойын ел болып атап өттік. Салиқалы жасқа келген арда тұлғаның ел мен жер тұтастығы, ұлт пен ұлыстар бірлігі, тіл мен мәдениет дамуы, толеранттылықты ту еткен Қазақстанның бірегей моделін жасауы әлем сахнасындағы беделімізді асқақтатып, болашақ бағытымызды айқындай түсті.

Елбасы ашқан академия

Осы орайда өткенге ой тастай отырып Нұрсұлтан Әбіш­ұлының руханият саласына сіңірген орасан зор еңбегіне қатысты өз көз­қарасымызды біл­діргіміз келе­ді.

Өзге елмен терезесі тең, кере­гесі кең Қазақстанның бар­лық жетістіктері Елбасының есімімен тікелей байланысты екені баршаға аян. Міне, егемен ел атанғанымызға да 30 жылдың жүзі болып қалды. Осы жылдар аралығында мемлекеттік институттарды қалыптастыру, нарықтық экономиканы дамыту, заманауи саяси жүйе құру, тиімді әлеуметтік саясат жүргізу, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және қоғамдық сананы жаңғырту үшін орасан зор жұмыстар атқарылды.

Елбасы саясатының арқа­сында еліміз ұлттық код­тың негі­зін құрайтын қазақ хал­қы­ның ұлт­тық болмысын, тілі мен мәде­ниетін дамытудың жаңа деңгейіне көтерілді. Соны­мен бірге барлық этностың үйлесімді дамуына жағдай жасалды.

Әсіресе Тұңғыш Президент Нұрсұл­тан Назарбаев­тың еліміздің мәдениетін асқақ­татудағы рөлін атап кетпеуге болмайды.

«Азаулының Ыстанбұлдан несі кем» дегендей, Қазақстан­ның жас әрі көркем астанасының іргесін қалап, санаулы уақытта әлем таңдайын қақтырған ару қаланы салдырған Елбасы осы шаһардың төсінде ұлттық рухымызды көтеру жағынан ғана емес, елімізді әлемге танытуымен құнды болған Ұлттық музей, «Астана Опера», «Астана Балет» театрларын және таланттардың бағын ашатын басқа да үлкен мәдени ошақтардың ашылуына мұрындық болды.

Соның бірегейі Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы мен қол­дауы арқылы салынған Қазақ ұлт­тық хореография академия­сы. Академия – елімізде және Орталық Азия өңірінде сұра­нысқа ие және Қазақстанның би өнерін халықаралық деңгейге шығаратын хореографиялық өнер қайраткерлерін көп дең­гейлі даярлауды жүзеге асыратын бірегей білім, ғылыми-шығармашылық орталық.

2016 жылы академияның ашы­лу салтанатына қатысып, өске­­лең ұрпаққа ақ жол тіле­ген Елбасы бұл академияның бү­кіл Орталық Азия елдері ара­сын­да осы үлгідегі алғашқы жо­ға­ры оқу орны екенін атап өткені есімізде.

«Бүгін біз астанада жаңа өнер ордасын салтанатты түрде ашып отырмыз. Бұл жер­де ұлттық балет пен би шебер­лерінің жаңа шоғыры оқып-тәрбиеленеді. Мұнда қазақ­стандық салт-дәстүр дамып, әлемдік деңгейдегі би өнерін дамытуға жаңаша қа­дамдар жаса­лды. Ұлт­тық хорео­графия академиясы – біз­дің елімізде ғана емес, бүкіл Ор­талық Азия елдеріндегі осы үлгідегі алғашқы жоғары оқу орны. Онда қазақстандықтармен бірге өзге шетелдердің шығар­машыл дарынды жастары оқитын болады. Еліміздегі бұл академия уақыт өте келе бүкіл Еуразиядағы балет пен би шеберлерін дайындайтын жетекші орталықтардың бірі болатынына сенемін», деді Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев.

Қазақ ұлттық хореография академиясының шәкірттері де өздеріне жүктелген зор сенім­­ді ақтап, «Астана Балет» және «Астана Опера» секіл­ді халық­­аралық деңгейде таныл­ған театр сахналарында табыс­ты­ өнер көрсетіп, талай ха­лық­­­ара­лық фес­тивальдар мен кон­­курс­тарда еліміздің атын ас­қақ­татып жүр.

Жаңа хореография мектебі әлемдік классикалық балет мұра­­сымен қатар қазақтың халық биін дамытумен айналысып, тәуел­сіз Қазақстанның ең та­лант­­­ты жастарының жігерін жандырып, қайратын қайрап бүгінгі таңда қызу жұмыстың қаза­нында қайнап жатқаны бар.

Ұлт мәдениеті мен рухания­тының ұлы жанашырына ай­нал­ған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жан-жақты қол­дауы ұлан-ғайыр дала­мыз­дың түкпір-түкпіріндегі ұл-қыздар­дың бағын ашуда.

Міне, мерейтой иесі атанып отырған саңлақ саясаткердің бір ғана мысал негізіндегі сүбелі еңбегін көріп отырсыздар. Ал мұндай рухани шаңырақтар еліміз бойынша баршылық қой.

«Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді,

Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді,

Мың жылдығын ойлаған ха­лық саналы ұрпақ тәр­бие­лейді», деген дана қазақтың аталы сөзі бар.

Сондықтан саналы ұрпақ­тың сапалы тәрбиесіне жол ашқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі мың­жыл­дықтар тоғысында мәңгілік қала бермек.

 

Бибігүл НҮСІПЖАНОВА,

Қазақ ұлттық хореография академиясының
бірінші проректоры