Күн өткен сайын Алматыда эпидемиялық жағдай күрделеніп бара жатқаны қазір ешкімге де құпия емес. Мегаполисте коронавирус жұқтырғандар саны 6 мыңнан асып жығылды. Өкінішке қарай бұл сан өсіп барады. Қалада дәрі-дәрмек, дәрігерлер, жедел жәрдем, ауруханаларда орын жетіспеушілігі бар.

Дүйсенбіде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы эпидемиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар легін егжей-тегжейлі баяндап, журналистердің сауалдарына жауап берді.
Қала әкімі онлайн-брифинг өткізіп жатқан кезде Алматыда індет жұқтырғандардың нақты саны 6202-ге жетіп, коронавирустың күн сайынғы өршуі 1,1 пайызды құрады. Бұл күндері инфекциялық стационарларда 1772 адам емделіп жатыр. Мегаполистегі науқастардың 349-ының жағдайы ауыр болса, 24-і хал үстінде. 1264 науқастың денсаулығы орташа деп бағаланса, 135 адам тәуір болып келеді. Дегенмен жағдайы қиын және ауыр пациенттердің саны артып барады. Өз кезегінде пневмония кеселіне шалдыққан алматылықтар қатары күрт көбейген. Өткен жылдың осы уағымен салыстырғанда тыныс жолы ауруларынан көз жұмғандар саны 68,6 пайызға өсіпті.
«Алматыдағы жұқпалы аурулар стационарларына күнделікті 100-ден астам адам келіп түседі. Инфекциялық ауруларды емдейтін мұндай мекемелердің жүктемесі 85% құрайды. Міндет – 1 қыркүйекке дейін жұқпалы және уақытша ауруханалардағы орынды 6 мың төсек-орынға дейін арттыру», деді Б.Сағынтаев.
Қала басшысы ең басты мақсат ауырған адамдардың барлығының емделуіне жағдай тудыру екенін атады. Бұл мәселеде Алматы билігі әрекетсіз отыр деп айтуға болмайды.
Б.Сағынтаев бірінші кезекте Мемлекет басшысының стационарлы көмек алуға қолжетімділікті арттыру жөніндегі тапсырмасы орындалатынына сендіріп, осы аптаның соңына дейін ауруханаларда қосымша 500 орын ашылатынын жеткізді.
Қалада коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша барлық бағытта белсенді жұмыстар жүргізіліп, амбулаторлық деңгейде «виртуалды инфекциялық аурухана» ашылды.
Сонымен бірге COVID-19 жұқтырған дәрігерлік көмекке мұқтаж науқастарды тәулік бойғы режімде тәуекел тобындағы науқастардың асқынуларының дамуын амбулаторлық деңгейде бақылайтын Мониторинг орталығы жұмысын бастады. Аталған шаралар жағдайы ауыр науқастарды, әсіресе қарт адамдарды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.
«Эпидемиямен күресте түбегейлі мәселе – барлық ауырған адамдардың ем алуы үшін қосымша төсектік орын қорын құру. Бүгінде қалада коронавируспен күреске қуаты 3 340 төсектік орынға шақталған 19 стационар жұмылдырылып, ауруханалардағы орын 7 есеге көбейген. Психикалық денсаулық орталығының негізінде қосымша 150 орын, Урология ғылыми орталығының негізінде 150 орын ашып, Halyk Arena базасының негізінде 200 орынды кезеңімен 1000-ға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Осылайша, осы аптаның соңына дейін қосымша 500 төсектік орын әзірленеді. Сонымен бірге Halyk Arena базасының негізінде жан сақтау бөлімі, тиісті құралдары бар толыққанды стационар ашылады, науқастарға оттегі орындары қолжетімді болады», деді қала басшысы.
Алғашқы медициналық санитарлық көмек нысандарының деңгейінде мобильді бригадалар күшейтілуде, олардың құрамына бөлім меңгерушілері, инфекционист дәрігерлер, эпидемиологтер, учаскелік дәрігерлер және мейірбикелер енген. Қазіргі уақытта 72 бригада мобилизацияланды және АМСК 297 қызметкері жұмылдырылды.
АЛМАТЫ
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Бүгін, 06:55
Спорт • Бүгін, 06:52
Спорт • Бүгін, 06:51
Балалар кітапханасы жаңартылды
Әдебиет • Бүгін, 06:50
Аймақтар • Бүгін, 06:48
Спорт • Бүгін, 06:47
Спорт • Бүгін, 06:46
Спорт • Бүгін, 06:44
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 06:43
Әдебиет • Бүгін, 06:38
Руханият • Бүгін, 06:36
Руханият • Бүгін, 06:34
Әдебиет • Бүгін, 06:33
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Руханият • Бүгін, 06:31
Еліңді сүю – жақыныңды жақсы көруден басталады
Қоғам • Бүгін, 06:30
Айналамызға мейірім төгіп жүрейік
Қоғам • Бүгін, 06:27
Қоғам • Бүгін, 06:26
Қоғам • Бүгін, 06:17
Қиыншылық бір-бірімізді сыйлауды үйретті
Қоғам • Бүгін, 06:16
Қоғам • Бүгін, 06:14
Қоғам • Бүгін, 06:13
Әлемде баламасы жоқ бірегей театр
Театр • Бүгін, 06:11
Адамдардың татулығынан асқан құндылық жоқ
Қоғам • Бүгін, 06:10
Қоғам • Бүгін, 06:09
• Бүгін, 06:04
Қоғам • Бүгін, 05:59
Бірлік – кемел келешегіміздің кепілі
Қоғам • Бүгін, 05:57
Тәуелсіздік құрдастарының жобасы
Қоғам • Бүгін, 05:54
Заңдардың Конституцияға сәйкестігі – өзекті мәселе
Қоғам • Бүгін, 05:52
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар