12 Қазан, 2013

Дінаралық үнқатысу сөз болды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті.

 

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті.

Әңгіме барысында дінара­лық үнқатысу мен өзара ынты­мақ­тастықты ілгерілету туралы сөз болды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының қорытындылары талқыланды.

Съезд Хатшылығының Бас­шысы ретінде Қ.Мәми православ діни қайраткерлеріне қоғам­дағы толеранттықты, бейбітшілік пен келісімді ны­ғайтудағы белсенді қызметі үшін ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында Митропо­лит Александр барша мұсылмандарды келе жатқан Құрбан айт мереке­сі­мен құттықтады, деп хабарлады Пар­ламент Сенатының баспасөз қызметі.