12 Қазан, 2013

Мұғалім әйелін ұрып өлтірді

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында қонақта араққа сылқия тойып алған денешынықтыру пәнінің мұғалімі үйіне келгесін лаң салып, әйелін ұрып өлтірді. Бұл туралы КТК телеарнасы мәлім етті.

 

Жамбыл облысында қонақта араққа сылқия тойып алған денешынықтыру пәнінің мұғалімі үйіне келгесін лаң салып, әйелін ұрып өлтірді. Бұл туралы КТК телеарнасы мәлім етті.

Қанды оқиға облыстың Талас ауданындағы Ақкөл ауылында болған. Ерлі-зайыптылар сол күні Тараз қаласында бір тойға барады. Ол жерде не болғанын кім білсін, бірақ олар түнделетіп үйлеріне қайтып келгенде, араларында дауасыз дау туып кетеді. Шамасы, күйеуі келіншегін әлдекімнен қызғанғанға ұқсайды. Тез басыла қоймаған бұл ұрыс-керістің қызған шағында ауыл мектебінде оқушы балаларды жаттықтырып жүрген мұғалім кезекті екі қолға береді. Осы қатты тиген соққылар жас келіншекті бірден талдырып түсірсе керек, көп ұзамай оның даусы шықпай қалады. Осылайша 24 жастағы келіншек жатқан орынан тұра алмаған.

Қазір оның үш қабырғасы сынып, миына қан құйылғаны айтылып жатыр. Ал шаруасын тындырған бойда қорылдап ұйықтап кеткен гүрзі жұдырықты «физкультурашы» мұғалім келіншегінің кешікпей о дүниеге аттанып кеткенін ертеңінде бір-ақ байқапты.

«Адал жарына айуандық жасаған 30 жастағы азамат қазір қамауға алынды», – деп түйіндейді арна тілшісі.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Соңғы жаңалықтар