Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы әр жыл сайын бюджеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бюджет қаражаттарының пайдаланылуына жүйелі тексерулер жүргізіп келеді. Осы тұрғыда өткен жылы аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы сомасы 253 миллиард 206 миллион тенге құраған. Аталған аралықта анықталған бұзушылықтардың көлемі 24 миллиард 594 миллион тенгеден асып түседі. Мұның ішінде қаржылық операциялардың бұзылу көріністері көзге бірден бой ұрады. Сонымен бірге бюджет қаражаттарын тиімсіз түрде жоспарлау мен пайдалануға жол берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүргізілген аудиттік іс-шаралардың нәтижелері облыстағы бірқатар мекемелер мен кәсіпорындарда еңбекақы төлеу мен іссапар шығындарын есептеу кезінде бюджет қаражаты негізсіз, артық жұмсалғанын көрсетеді. Кейбір бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті өтінімдер әзірленбеген. Тіпті оны растайтын құжаттар атымен жоқ екенін білгенде еріксіз жағаңызды ұстағандай күй кешесіз. Әрі бюджеттік бағдарламалардың бекітілмегені, сондықтан тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсетілмейтіні де таң қалдырады.
Мұның салдары өңірдегі кәсіпорындарда сапасыз жоспарлаудың пайда болуына әкеліп соқтырмақ. Осындай нақты көлемдегі аудиторлық ауытқу көріністері қазірдің өзінде байқалып отыр. Оған өзгерістер енгізілмесе, жоспар катып-семіп, жансыз күйінде қала бермей ме? Бұған қоса жүргізілген іс-шаралар облыс аудандарында тиімді салықтық жүйенің жеткіліксіздігін алға тартады. Соның салдарынан салық түсімінің қолда бар әлеуеті толық көлемінде пайдаланыла бермейді. Осы орайда бюджеттің едәуір ысырабы таза табыстың бір бөлігін уақытында аудармаған немесе оны толық көлемде төлемеген кезде құралатыны ескерілмеген. Талдаулар жіберілген үстірттіктер көп жағдайда бір үлгідегі пішінде және қайталанып тұратынын көрсетті дейді Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Сағат Еңсегенұлы.
Оның айтуынша орын алған кемшіліктер бюджеттен бөлінетін қаражатты басқарудың төмен деңгейін байқатады екен. Сөйтіп, өңірдегі өкілетті лауазымды тұлғалар республика заңдылықтарын сақтамай, мемлекеттік қаражат пен активтерді пайдалану ісінде жауапсыздық пен енжарлық танытқан. Бұл жәйт аз шығын мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуде әрі бюджет қаражатын тиімді пайдалану ісінде бірізділік жоқ екенін көрсетеді. Сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан тиісті бақылаудың болмауы да алдыңғы пікіріміздің айғағы. Бір сөзбен айтқанда қаржы-шаруашылық қызметін жүргізу дегеніміз өзгеше бір тылсым әлем деуге болады. Аудиторлық іс-шаралар облыста оның талаптары орындалмай отырғанын айғақтайды. Сонымен бірге мұндай жәйт жергілікті мемлекеттік органдарда үйлесімді жұмыстың жеткіліксіздігін көрсетеді. Бюджет қаражатын оңды-солды бақылаусыз жұмсау осының салдарынан басталып жүрмесіне кім кепіл.
- 2019 жылы жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижесі бойынша 48 лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік шаралар қабылданып, 60 лауазымды тұлғаға әкімшілік айыппұл түрінде 6,8 миллион тенге көлемінде әкімшілік шаралар белгіленді. Анықталған бұзушылық деректерінің аясында қылмыстық белгілері бар 23 материал құқық қорғау огандарына тапсырылды, - деді бұл тұрғыда тексеру комиссиясының төрағасы С.Еңсегенұлы.
Өткен 2019 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген аудитрлық тексерулер барысымен жан-жақты танысқан кезде жоғарыда көрсетілген бірқатар бұзушылықтар Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты мен Мәртөк балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне "Ақтөбе әлеуметтік-кәсіпкерлік" корпорациясы АҚ-на облыстағы Шалқар ауданы мен Ақтөбе қаласына тән екенін айтқан жөн.
Бұған қоса өткен 2019 жылы Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы сондай-ақ Ақтөбе энергетика және тұрғын-үй коммуналдық басқармаларында 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму мемлекеттік даму бағдарламасы шеңберінде бекітілген жобаларды жүзеге асыру кезінде де қаржылық бұзушылықтар мен бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау көріністері орын алғаны белгілі болып отыр. Сондай-ақ аудит барысында бұл бағытта орындалмаған жұмыстарға 68 милион тенге аударылғаны анықталған.
Түйіп айтқанда, өңірде бюжет қаражатын сапасыз жоспарлау көріністері жеткілікті екенін аудит тексерулері анықтап берді. Жұмсалған қаражат пен жоспарланған нысандардың арасында тиісті байланыстардың болмауы да елеулі кемшілік екені хақ. Сөйтіп, бірқатар бағдарламалық құжаттар өз мақсат-міндеттеріне сәйкес келмеген. Сондай-ақ заңмен бекітілген нормалар мен мемлекеттік сатып алуды құқықтық тұрғыдан реттеу қағидаттары да ұмыт, елеусіз қалып қойыпты. Осының бәрі бюджеттік бағдарламалар башылары тарапынан тиісті бақылаудың болмағанынан орын алғаны жасырын емес.
Айталық, бүгінгі материаламызға желі болған бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелерін реттеу мен жолға қоюда облыс әкімінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары серпінді іс-қимыл танытқан болса, мүмкін бюджет қаражатын пайдалану ісінде осыншама теріс іс-әрекеттер орын алмас па еді. Әйтсе де аталған сала бойынша бекітілген орынбасарлар тікелей функционалдық міндеттерін атқара алмағандықтан соңғы уақытта бірнеше рет ауысқанын айта кетудің орайы келіп тұрғандай.
Дегенмен ештен де кеш жақсы дегендей, облыстағы жаңадан жасақталған қаржы-шаруашылық корпусы мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бұдл бағыттағы шешімін таппаған түйткілдерге жан-жақты әрі тереңнен назар аударса, орын алған олқылықтардан нақты әрі нәтижелі сабақ алынатыны анық.
АҚТӨБЕ
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар