Осыдан екі жыл бұрын Тұңғыш Президент − Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Жас сарбаз» қозғалысы құрылған еді. Оның еліміздің әр аймағында филиалдары қанат жайып, өскелең ұрпақтың игілігіне жұмыс істейтін іргелі ұйымға айналды. Қазіргі кезде 179 224 тәрбиеленуші 6 198 арнайы сынып-клубта біліктілігін арттыруда. Бірлестіктің бүгінгі жұмысы туралы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының басшысы Асхат Налшыбек айтып берді.

Патриоттық ұйымының бүгінгі тыныс-тіршілігі жөнінде аз-кем тоқталып өтсеңіз.
– Еліміздің әр аймағынан осы ұйымның филиалдары құрылып, белгіленген бағыт бойынша жұмыс істеп келеді. Интеллектуалды сайыстар, дала жиындары, жеңіл атлетика марафоны, түрлі акциялар және басқа да тәрбиелік мәні бар шараларды ұйымдастыруға күш салып жатырмыз. «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері тек физикалық дайындықпен шектелмей, өнерді де қатар алып жүруі тиіс. Сол себепті шығармашылық сайыстары да жиі өткізіліп тұрады. Жоғарыда атап өткендей, бүгінде елордада жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде 61 «Жас сарбаз» сыныбы, 82 әскери-патриоттық клуб және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен 27 «Smart sarbaz» сыныбы ашылды. Бүгінде олардың жалпы саны 170-тен асты.
– Әлеуметтік желілерден байқағанымыздай, сіздер де еріктілік қызметіне ден қойып, қоғамдық өмірге белсенді түрде араласып жатыр екенсіздер. Қозғалыстың осы бағыттағы жұмысы жөнінде не айтасыз?
– Карантин уақытында «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері волонтерлермен біріге отырып, өз қалаларындағы көмекке зәру отбасыларға азық-түлік, медициналық жабдықтар жеткізіп беру ісіне белсене атсалысты. Осы орайда әлеуметтік желінің көмегі көп тиді. Instagram желісінде жастарды карантин және демалыс уақытын тиімді пайдаланып, спортпен айналысуға шақыратын бейнеролик тараттық. Бұдан басқа хакім Абайдың 175 жылдығына орай ұлы ақынның «Қара сөздерін» оқуды дәріптеп жүрміз. Сондай-ақ ZOOM платформасында Отан қорғаушылар күніне орай бірқатар қоғам қайраткерімен онлайн кездесу ұйымдастырдық.
– Ұлттық бірыңғай тестілеу де өз мәресіне жетті. Сіздер бұл тарапта қандай көмек көрсеттіңіздер?
– Мемлекет басшысы 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялағаны барлығымызға мәлім. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласы «Жас сарбаз» филиалы жанынан еріктілер штабы құрылып, барлық қоғамдық шараларға белсене атсалысудамыз. Карантин және ұлттық бірыңғай тестілеу уақытында волонтерлердің еңбегі еселене түсті. Жассарбаздықтардың да денсаулығына қатты мән беріліп, олар медициналық қолғап және тиісті көлемде бетперделермен қамтамасыз етілді.
Жассарбаздықтар Instagram желісінде мектеп бітіруші түлектерге арналған онлайн кездесу ұйымдастырды. ҰБТ-ға қажетті мәліметтер жинақталып, ата-аналарға да пайдалы кеңестер берілді. Бұдан өзге 22 маусымнан бастап, «Астана жастары» волонтерлік штабымен бірлесіп, 10 ерікті Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі тест тапсыру орнына барып, қызметкерлерге карантин талабын сақтау бойынша көмек көрсетті. Мәселен, талапкерлерге вирустан сақтануға қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бетперделер, қажет құралдарды тараттық.
Әңгімелескен
Айым ДӘУТ,
«Egemen Qazaqstan»
Өнер • Бүгін, 22:05
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 21:27
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Бүгін, 21:16
Нигерияда бандалар ұрлаған 300-ден астам мектеп оқушысы босатылды
Әлем • Бүгін, 20:40
Ақмола облысы: Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жол картасына өзгеріс енгізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:50
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Бүгін, 19:20
Бельгияда коронавирустың «үшінші» толқыны туралы айта бастады
Әлем • Бүгін, 18:50
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Бүгін, 18:00
Ақмолада сотталғандар кездесудің орнына екі сағаттық бейнебайланысқа шығады
Аймақтар • Бүгін, 17:14
«Канело» мен Йылдырым титулдық жекпе-жек үшін қанша гонорар алды?
Спорт • Бүгін, 16:27
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Бүгін, 16:00
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Бүгін, 14:34
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Бүгін, 14:02
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Этномәдени бірлестік өкілдері Сәбит Мұқанов саябағына ағаш отырғызды
Аймақтар • Бүгін, 13:17
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 12:40
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Бүгін, 12:25
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Бүгін, 11:21
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Бүгін, 10:44
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Бүгін, 10:41
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар