12 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1000

280 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2013 жылғы 24 қыркүйек Астана, Үкімет Үйі

«Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы №585 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

2013 жылғы 24 қыркүйек Астана, Үкімет Үйі

«Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы №585 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы №585 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №48, 654-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Парниктік газдар шығарын­дыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларында:

4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда, табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін мынадай құжаттарды:

1) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінішті;

2) квотаның өзгеруін негіздейтін есептерді тапсырады.

5. Квотаның ұлғаюына байланысты парниктік газдар шығарындыларына квоталарды қайта қарау белгіленген базалық деңгейден ұлттық жоспардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі кезеңде жүргізілген өзгертулер бойынша қаралады.»;

6-тармақ алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Уәкілетті органға ұсынылған материалдардың толық еместігі және дәйексіздігі квотаны өзгертуден бас тарту үшін негіз болып табылады.»;

9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қызметті алушының заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің * немесе анықтаманың көшірмесі.

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңна­малық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкіл­дік­ті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куә­лік заң­ды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды бо­лып табылады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар