09 Сәуір, 2010

ҚАЗАҚСТАН БАСТАМАСЫНА – ТОЛЫҚ ҚОЛДАУ

582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев өзінің әріптестері, Ресей сыртқы саясат ведомствосының басшысы Сергей Лавровпен, Испания Корольдігі (ЕО-ға төрағалық етуші) сыртқы саясат ведомствосының басшысы Мигель Моратиноспен, Литва Республикасының Сыртқы істер министрі Аудронюс Ажубалиспен және БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі ретінде Қырғызстанға жіберілген БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – Еуропа экономикалық комиссиясының (ЕЭК) атқарушы хатшысы Ян Кубишпен телефон арқылы сөйлесті. Сұхбаттастар Қазақстан төрағалығының Қырғыз Республикасындағы жағдайды барлық тараптардың кең көлемдегі үнқатысуы арқылы шешу қажет деген ұстанымына толық қолдау білдіріп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Ж.Кәрібжановтың Қырғызстанға ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасының Арнайы өкілі ретінде жіберілгенін жоғары бағалады. Сондай-ақ кеше Қазақстан бастамасы бойынша Венада ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің Қырғыз Республика­сын­дағы жағдайға арналған арнайы мәжілісі болып өтті.