Президент • 08 Шілде, 2020

Алдағы екі апта болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ - Тоқаев

2170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Алдағы екі апта болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ - Тоқаев

"Баршаңызға мәлім, қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай күрделене түсуде. Коронавирустың таралуы бәсеңдемей отыр. Кейбір елдерде бұл індет қайтадан ушығып бара жатыр.

Әлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жетті, соның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болды. Сол себепті, бірқатар елдерде  карантин тәртібі қайта күшейтіліп, әуе, көлік қатынасы қайтадан шектелді.

Өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай да оңай болып тұрған жоқ. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілді.

Бұл аса қажетті шешім болды. Жағдайдың тұрақталатыны сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан, алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ", деді Президент.