Әлем • 09 Шілде, 2020

АҚШ соты қазақстандық хакерді 50 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін

511 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Киберқылмыс әлеміне Эф-икс-эм-эс-пи лақап атымен танымал Андрей Турчин бірнеше қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

АҚШ соты қазақстандық хакерді 50 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін

АҚШ соты қазақстандық хакерді 50 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін. Қазақстан азаматына қатысты ақпарат Вашингтон Әділет департаментінің сайтында жарияланды. 

Онда Турчин мен оның сыбайластары 2018 жылы ғаламтор қолданушылардың жеке бас ақпараттарын ұрлап, артынша өзге хакерлерге сатқаны жөнінде жазылған. Қылмыстық топтың әрекетінен алты құрлықтағы 30 мемлекет пен жүздеген компания зардап шеккен.

Киберқылмыскерлер құнды деректерді 1 мың доллардан бастап, 100 мың долларға дейінгі соммаға саудалап келген. Қазақстандық азаматтың кінәсі дәлелденсе, Андрей Турчин қалған өмірін темір торда өткізуі әбден мүмкін. Тегтер: АҚШ хакер Киберқылмыс әлемі Эф-икс-эм-эс-пи Андрей Турчин мен Avira антивирусын жасаушылар кибер шабуылдар бойынша зерттеу жүргізген.

Мамандардың пікірінше, ең жеңіл ашылатын логин мен кілт сөз – ол ешбір сан мен әріптің көрсетілмеуі екен.  "Алаяқтар логиннің орнын бос тастау арқылы жеке мәліметтерге қол жеткізе алады. Бұл admin\admin тіркесінен де жиі кездеседі", дейді антивирус сарапшысы Хамидреза Эбтехадж.  Деректерді алу үшін мамандар жүйелік белгі беретін арнайы бағдарлама жасаған.

Нәтижесінде, хакерлер жиі пайдаланатын айла-тәсілдер анықталды. Зерттеу қорытындысына сәйкес интернет алаяқтарының 25,6%-ы логин мен кілт сөзді жазбай, олардың орындарын бос қалдырған. Ал тағы 24%-ы "admin\QWestM0dem", "admin\airlive", "admin\admin", "support\support" және "root\root" тіркестерін енгізген.  Сондай-ақ сарапшылар, хакерлер кез келген гаджетті әп сәтте-ақ кибер шабуыл жасау арқылы  бұзып, жеке ақпараттарға қол жеткізе алады, дейді.

Оны тіпті құрылғы иесі аңғармай да қалуы мүмкін. Сондықтан, барынша күнделі кілт сөз орнатқан абзал. Қытайлық хакерлер Қазақстанның ақпараттық жүйесіне шабуыл жасады Қытай үкіметіне жұмыс істейтін хакерлер телекоммуникациялық желілерді бұзып кірген.

Олар Қазақстаннан бөлек, Түркия, Үндістан, Таиланд және Малайзия операторларына қауіп төндіріпті. Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл елдер Қытай билігінің қудалауынан құтылу үшін Шыңжаң мен Түркия арасындағы транзиттік бағыттар ретінде пайдаланылады. Рейтер агенттігі шабуылдар туралы мәліметті екі барлау қызметкері мен қауіпсіздік жөніндегі екі кеңесші ұсынғанын айтты.

Ресми Бейжің, өз кезегінде, кибершабуыл туралы кез келген мәлімдемелер дәлелдемелермен расталуға тиіс деп мәлімдеді. Біздің билік әзірге осыған қатысты түсініктеме берген жоқ. Осы тұста айта кетейік, бұған дейін киберқауіпсіздікпен айналысатын америкалық Volexity компаниясы Қытайдың бүкіл әлем бойынша халқының телефондарын және электрондық пошта жазбаларын бұзу әрекеттері егжей-тегжейлі сипатталатын есепті жариялады.

Жалпы, мұндай оқиғалар мамандар үшін жаңалық емес екен. Сөздерінше, мемлекет өз азаматтарын үнемі бақылауда ұстағысы келеді. Бұл пікірмен Кибершабуылдарды тергеу және сараптау орталығының директоры Арман Әбдірасылов та келіседі.