Қазақстан • 09 Шілде, 2020

"Жас Ұлан" мектебінің қызметкерлері оқуға қабылдау үшін пара алған

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы "Жас Ұлан" республикалық  мектебінің қызметкерлеріне қатысты тергеу жариялагды, - деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі.

"Жас Ұлан" мектебінің қызметкерлері оқуға қабылдау үшін пара алған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет істері агенттігінің хабарлауынша, Бауыржан Момышұлы атындағы "Жас Ұлан"  республикалық мектебінің шенеуніктері заңсыз қаражат алды деген күдікке ілінген.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық Жас Ұлан мектебінің шенеуніктерін талапкерді оқуға қабылдау үшін 1,2 миллион теңге көлемінде қаражатты заңсыз алды деген күдікпен ұстады", - дейді Агенттіктің ерекше жағдайлар бойынша  тергеушісі Қайсар Баржақсынов.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеу үстінде. Істің басқа мән-жайлары тергеу мүдделері үшін жария етілмейді. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат жариялануға жатпайды", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі.

Айта кетейік, күдіктілер кінәсін толық мойындаған.