Оқиға • 09 Шілде, 2020

Атырауда мас жүргізушінің көлігінен қару табылды

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулық полицейлер қару тасымалдаған жүргізушіні ұстады. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Атырауда мас жүргізушінің көлігінен қару табылды

Патрульдік полиция қызметкерлері Алмагүл ықшам ауданында Mitsubishi Lanser көлігін тоқтату кезінде, көлік жүргізушісі заңды талапқа бағынбай, ізін суытпақ болған.

Тексеру барысында жүргізушінің масаң күйде екені және көлігінен шолақ мылтық табылып, алынды. Сот медициналық сараптама қорытындысымен жүргізушінің жеңіл дәрежелі ішімдік ішкені анықталып, оған қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабымен "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы" бойынша хаттама толтырылды.

Сонымен қатар ҚР ҚК 287-баптың 3-бөлігі "Атыс қаруын, оқ-дәрілерді жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.