Руханият • 10 Шілде, 2020

Қажет сөздер уақытында айтылды

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баршамыз хабардар болғанымыздай, Мемлекет басшысы өте орынды үндеу жолдады. Қазіргі ахуалға қатысты талдау жасалып, олқылықтар мен қажет шаралар тізілді.

Қажет сөздер уақытында айтылды

Президент «әр қазақ менің жал­ғызым» дегенді әсерлі жеткізе білді. Үндеу­де тапсырмалар беріліп қана қоймай, індеттен қайтыс болған марқұм­дардың отбасына көңіл айтылып, 13 шілде Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бұл да еңсесі түскен елдің көңіліне медет. Бүгінгі күні маңызды мәселеге айналып отырған дәрі-дәр­мек жетіспеушілігі мәселесін шешуге бағыт­талған нақты тапсырмалар айқындалды.

Әкімдіктердің, министрліктердің жұмысында кемшіліктер бар екенін және оның елеусіз қалмайтыны, кінәлілердің анықталып, тиісті жазаланатыны белгілі болды. Бұл менің көңілімнен шықты.

Тағы бір көтерілген мәселе алдағы күндері індетке қарсы күрестің шешуші кезеңі екені ескертілді. Бұл халықтың сеніміне оң әсер етіп отыр. Қарапайым халыққа жігер беріп, жақсылық жаршысындай болды. Шешуші кезең дегеннің өзі үлкен үмітке бастайды. Өйткені ін­детке қарсы күреске мемлекеттік дең­гейде ауқымды шаралардың қолға алы­натынын білу дәл қазіргі кезде қо­ғамға қажет еді. Мұндай сөздер дер кезінде, дәл қажет уақытта айтылды деп есеп­теймін.

 

Зейін ӘЛІПБЕК,

тележурналист