10 Шілде, 2020

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар жеңілдетілген теміржол билетін онлайн рәсімдей алады

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді Қазақстанда жолаушылар және жүк тасымалы саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған "Адал жол" жобалық кеңсесі жұмыс істейді, - деп хабарлайды  Egemen.kz

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар жеңілдетілген теміржол билетін онлайн рәсімдей алады

Жобалық кеңсе азаматтардан келіп түскен темір жол көлігі саласындағы проблемалық мәселелерді зерделеу кезінде барлық топтағы мүгедек жандар үшін онлайн режимде жеңілдетілген т/ж билеттерін сатып алу мүмкіндігі жоқ екенін анықтады.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әрбір билет сатып алу кезінде мүгедектікті растау үшін вокзалға баруға тура келді, бұл өз кезегінде қала бойынша қозғалуға байланысты қосымша қолайсыздықтар мен шығындар тудырады.

«Адал жол» жобалық кеңсесі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және "ҚТЖ" ҰК" АҚ-мен бірлесіп деректер базасын біріктіру жолымен жоғарыда аталған мәселені шешуге бастама жасады.

Нәтижесінде, ағымдағы жылғы 26 маусымнан бастап "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның сайтында мүмкіндіктері шектеулі жандарға билеттерді онлайн сату бойынша қызмет енгізілді.

Билетті онлайн режимде сатып алу үшін мүгедектікті бір рет растап, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның кассаларынан "Мейірім" электронды дисконт-картасын алу қажет. Оны пайдалану арқылы жолаушыларға үйден шықпай-ақ, bilet.railways.kz сайтында жеңілдетілген билеттерді онлайн сатып алу мүмкіндігі қолжетімді.

Өзімен бірге міндетті түрде жеке басты куәландыратын және мүгедектікті растайтын құжаттар болуы тиіс.