Әлем • 10 Шілде, 2020

Бішкекте бұрынғы наубайхана да госпитальге айналған

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 12 миллионнан асты. Пандемия қайта өршіп, талай елдің ауруханаларында орын мен дәрігер жетпей жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz

Бішкекте бұрынғы наубайхана да госпитальге айналған

Карантин жеңілдетілгеннен кейін әлемнің басқа аймақтары мен елдеріндегідей Орталық Азия мемлекеттерінде де коронавирус эпидемиясы қайта күш алды. Қырғызстан ауруханаларында науқастарды қабылдайтын орын жетпей жатыр. Және де дәрі-дәрмек пен өкпені желдететін құрал да тапшы. Сондықтан, Бішкекте тіпті бұрынғы наубайхананы COVID-19 жұқтырғандарды қабылдайтын госпитальге айналдыруға тура келіп отыр.