Аймақтар • 10 Шілде, 2020

Атыраудан 500-ден астам жас әскер қатарына аттанды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Айдос Аманғалиевтың айтуынша, биыл Атыраудан 669 жасты  әскерге жіберу жоспарланған екен. Ал, жыл басынан бері Отан қорғау үшін  504 жас әскерге аттаныпты.

Атыраудан 500-ден астам жас әскер қатарына аттанды

"Әскер қатарына  орта, арнаулы орта және жоғары білімі бар азаматтар шақырылуда. Өйткені, сарбаз үшін  физикалық, сондай-ақ, моральдық-психологиялық дайындықтан бөлек, білім де қажет.  Әскерге  шақырылушылар жоғары не арнаулы орта оқу орнын аяқтамай, сарбаз қатарына алынбайды. Бірақ, азаматтар өз еркімен оқуын  уақытша тоқтатып, әскери қызметке бара алады" - дейді Айдос Аманғалиев.