Президент • 10 Шілде, 2020

Президент отандық өндірушілерге қолдау көрсету керектігін айтты

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өндірушілерді қолдау – мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларының негізгі элементі екенін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz



Президент отандық өндірушілерге қолдау көрсету керектігін айтты

"Отандық өндірушілерді қолдау – мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларының негізгі элементі болып саналады. Әр өңірде бұл мәселе әкімнің орынбасарына жеке жүктелуі тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент жыл қорытындысы бойынша Үкімет пен Президент Әкімшілігі тұтас облыс пен олардың жұмысына баға беретінін айтты. Жергілікті қамтамасыз ету мәселесі ай сайынғы негізде Экономикалық өсімді қалпына келтіру комиссиясында қаралуы тиіс.

"Індет елді азық-түлікпен қамтамасыз етудің әлсіз тұстарын көрсетіп берді. Пандемия кезінде халықтың табысы азайды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттай түсті. Азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттау индексі елдегі инфляция индексінен 1,6 есеге асты", - деп сынға алды Президент.