Аймақтар • 10 Шілде, 2020

Биылғы 6 айда еліміздің теңіз порттарында 3 млн. тонна жүк тиелді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің теңіз порттары арқылы 3 млн. тонна жүк ауыстырып тиелді. Бұл - өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішке тең, - деп хабарлайды Egemen.kz  

Биылғы 6 айда еліміздің теңіз порттарында 3 млн. тонна жүк тиелді

Осы ретте теңіз порттарында жүк таситын автокөлік құралдарын ауыстырып тиеу көлемі 53 % артқан. Яғни, ол көрсеткіш 2019 жылдың алғашқы 6 айында 3171 болса, биыл 4865-ке жетті. 

Сондай-ақ, контейнерлерді ауыстырып тиеуде оң динамика байқалды. Бұл көрсеткіш 16 % өсіп, 13 867 бірлікті құрады.

Есепті кезеңде отандық сауда флотымен Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,14 млн.тонна жүк тасымалданды. Оның ішінде 6 538  контейнер Ақтау – Баку фидер желісінің үлесінде. 

Биыл бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі су жолдары бойынша тасымалдау көлемі 191,5 мың тоннаны құрап, 2019 жылғы көрсеткіштен 7,8% өсті. Оның ішінде 97,9 мың тонна Ресей бағытында.

Шлюздерді күрделі жөндеу шеңберінде ауданы 5 813 м2 темір-бетон құрылымдарына жөндеу жүргізілді.

Каспий бағытындағы әлеуетті одан әрі арттыру шеңберінде жаңа теңіз бағыттарын ашу, Ақтау теңіз портында контейнерлік  хаб құру, экспорттық жүктердің бір бөлігін Құрық портына қайта бағдарлау пысықталып жатыр.

Сондай-ақ, Кеме қатынасы туралы келісімді және Суға батқан кемелерді көтеру жөніндегі Найроби конвенциясын ратификациялау бойынша мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау жоспарланып отыр. 

Ішкі су жолдарында кеме қатынасын дамыту мақсатында қазіргі уақытта тиісті Тұжырымдаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.