Коронавирус • 10 Шілде, 2020

Қазір тек өмір мен өлім бар - Бас санитар

219 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова  Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болғаннан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазір тек өмір мен өлім бар - Бас санитар

"Күн сайын таңертеңнен бастап COVID-19-дан қайтыс болған отандастарымыз туралы мәлімет алғанда жүрегім қансырайды, көзіме жас толады. Бірақ бүгінгі жаңалық, Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Баймұхамбетов Қайрат Қажыманұлы өмірден өткені ерекше ауыр тиді. Қайрат Қажыманұлымен 15 жылдан астам уақыт бойы таныспын, бірге жұмыс істедік.

 Өзінің отыз жылдық карьерасында ол теміржол бекетіндегі санитар дәрігерден бастап бүкіл аймақтың СЭС қызметінің басшысына дейін көтерілді, бірқатар күрделі аймақтарда: Ақмола облысы, Қарағанды облысы, Алматы, Алматы облысында санэпидқызметтерді басқарды, жұмыс істеді және нағыз мамандарды тәрбиелеп шықты, сонымен қатар, Отанын шексіз сүйетін мейірімді, қайырымды адам болып қалды", - деп жазды Айжан Есмағамбетова Facebook-те.

Ол пандемия кезінде вирусты өзі жұқтырып алу қауіпіне қарамастан ауруға қарсы іс-қимылға белсенді қатысып, аурухана, стационарларға барғанын және пациенттермен байланысқанын атап өтті. Айтуынша, барлық сақтық шарасына қарамастан, вирус оны да аямады.

"Ол тіпті ауруханада жатқанда сауығып шығатынына сенген және жағдайы нашарлағанша қызмет жұмысын басқарды.

Оның жары, балаларына және жақындарына көңіл айту үшін сөз жетпейді. Елдің барлық санитар-эпидемиологиялық қызметі сіздермен бірге қайғырады. Қайрат Қажыманұлы біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Жатқан жері жайлы болсын!

Менің қымбатты отандастарым. Сіздерден карантин сақтауларыңызды сұраймын, өзіңізді және денсаулығыңызды сақтаңыздар. Қазір той, құдалық немесе қандай да бір дәстүрлі мейрамды өткізбегеніміз ұят емес. Қазір тек өмір мен өлім бар, адам кетіп қалғанда бірдеңе істеу кеш", - деді ол.