Коронавирус • 10 Шілде, 2020

Дәрігер кеңесін онлайн түрде алуға болады

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қауіпті індеттің қарқыны күшейіп келеді. Медицина мамандары аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда мейлінше үйден шықпауға кеңес береді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәрігер кеңесін онлайн түрде алуға болады

Қазақстандықтар дәрігер кеңесін енді электронды үкімет порталы арқылы үйде отырып, тегін ала алады. Ол үшін Egov.kz сайтына кіріп, тіркеліп, денсаулық сақтау бөлімін таңдау қажет.

Бұдан соң, дәрігердің қабылдауына жазылу пернесін басып, сауалнама сұрағын толтырып шығасыз. Өтінім 1 күн ішінде қаралып, азаматтың учаскелік дәрігеріне жіберіледі. Айта кететін жайт, өтінімді электронды үкіметтің әлеуметтік желідегі парақшаларына жазуға да мүмкіндік бар.