Дерттің таралуын зерттеу бойынша ведомствоаралық комиссия қауіпті індеттен сауығып шыққандардың санын есептеуде қателік жібергенін мойындады. Себебі елде коронавирустың таралуы туралы ресми ақпаратты бірнеше сайт жариялап отырады.
Соңғы күндері әр ақпарат көзінде статистикаға байланысты әр түрлі мәлімет шыққан. Денсаулық сақтау министрлігі осы олқылықтарды ескеріп, енді жалғыз ғана ресми ақпарат көзін қалдыруды ұйғарып отыр.