Коронавирус • 11 Шілде, 2020

Қытай елшілігі жалған ақпарат таратқан

683 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазақ елінде пневмонияның қатерлі түрі тарап жатыр" деген ақпарат жалған. Оны Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеп отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы qazaqstan.tv жазған. 

Қытай елшілігі жалған ақпарат таратқан

"Беймәлім пневмония" туралы ақпар алдымен Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің сайтында шыққан. Қытай елшілігі  Қазақстанда өкпе дерті қатты өршіп кеткенін хабарлап, жарты жылда пневмониядан 1772 адамның қайтыс болды деген дерек тарқатқан. Қайтыс болғандар арасында Қытай азаматтары бар екенін көрсетіпті. Елшіліктің бұл хабарламасы көрші елдің бірнеше баспасөз бетінде жарияланып кеткен.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп  жауап беріп, ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. 

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Қазақстан кіреді. Сол ұйымның халықаралық індеттерді классификациялау кодтарын берген болатын осы пневмонияға байланысты. Сол кодқа сәйкес, Қазақстан Республикасы пневмония ауруын есепке алып, мониторинг жүргізеді. Сол мониторингтың арқасында біз керекті шараларды қолға аламыз", - деді ол.